Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олара) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.); ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.); б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.
Императивтік одағайлар
Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:
• а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді.
Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер
Жалғаулықтар 1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.