Мектепте синтаксисті оқытудың міндеттері: Синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесін саналы қабылдау негізінде ана тілінің құрлысы жайында оқушыларға саналы білім беру;
Тілдің синтаксистік нормаларына сәйкестік тұрғыда оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту;
Оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;
Пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай қабылдауына негіз қалау;
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, тілдіктәсілдер арқылы, оның материалын оқып үйрену арқылы оқушыларға тәрбие беру.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері - қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды: 1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр: 1. Көшіріп жазу жаттығулары.
2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
20-билет.1. Синтаксис және оның зерттеу нысаны. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев, Т.Қордабаев, т.б.).