Атау септікті меңгеретін септеуліктер: үшін, Сайын, Сияқты, Туралы, Арқылы, Бойы, бойымен, Шамалы, шақты, қаралы, Ғұрлы (ғұрлым)
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер: Шейін (дейін), Қарай, таман, Салым, тарта, жуық, таяу
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер: Гөрі, Бері, Кейін, Соң, Бұрын, Бетер.
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қоса
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.
Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар: сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш, болжалдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып бөлінеді.
2. Қадыр Мырза Әли поэзиясының көркемдік әлемі, тақырып пен идея, ақындық шеберлік. Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым (Жымпиты) ауданында туды. 1958 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін үздік бітіргеннен кейін, ғылыми кеңестің шешімімен оны аспирантурада оқуға қалдырады. Алайда поэзияны пір тұтқан жас ақын жаңа ашылған «Балдырған» журналына қызметке орналасады. Содан арада төрт жыл өткенде республикалық әдеби журнал «Жұлдызға» ауысып, онда білім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Сол уақыттан бері осынау көрнекті журналдың тұрақты редколлегия мүшесі. 1968-1973 жылдар аралығында ол «Жазушы» баспасында қазақ поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан кейін Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі болады. Қадыр Мырза Әли - еліміздегі аты мәшһүр жыр дүлділерінің бірі. Оның бірінші туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның 70 астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны 200ден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Қадыр Мырза Әли - қазіргі қазақ әдебиетінің майталман шебері, классигі. академик З.Қабдолов: «Енді тұрысына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте беріп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан, шын Қадыр Мырзалиев,» - деп оның өлеңдерін, поэмаларын аса жоғары бағалады. Қ.Мырза Әли ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер жазудан бастаған ақын. Балаларға арнап шығарма жазу үшін автордың балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білуі аса қажет. Қ. Мырза Әли балалардың психологиясын, мінез- құлқын, жазумен айналысқан педагог жазушы екенін танытты. Оның «Көктем» (1959), «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене Қожанасырлар» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жанғақ» (1984) сияқты кітаптары өзінің идеялық көркемдік сапасының шымырлығымен қазақ балалар6 әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Ақынның өлеңдері баланың ұғымына жеңіл оқуына оңай. ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бергі жарты ғасырға жуық ақын шығармалары ересек оқырмандарға айналды. 1965 жылы жарық көрген «Ой орманы» атты өлеңдер жинағындағы мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік өлеңдермен-ақ ақын қалың оқырманның жылы ықыласына бөленіп, бірден әдеби қауымға жете таныла бастады. Оған дәлел - 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін ақынға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының берілуі. Одан кейінгі жылдары ол өндіре жазып, көптеген өлең кітаптарын бастырды. «Дала дидары» (1966), «Бұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (1975), «Алақан» (1977), «Қорамсақ» (1980), «Көкпар» (1981), «Күндер-ай» (1984), «Күміс қоңырау» (1985), «Қызыл кітап» (1986), «Қылыш пен қанжар» (19991), «Мәңгі майдан» (1992), «Заман-ай» (1997), «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001) т.б. 2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан Қадыр ақынның таңдамалы туындыларының 12 томы жарық көрдіОның «Миым менің қажығанда», «Досым болсаң!», «Айтқан бойда еретін», «Танып ниет теңіз», «Жолдас үшін үй жақын» т.б сияқты өлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімінің алуан-алуан әдемі суреттері бар. Адам бойындағы достық атты қасиетті, киелі сезімді жырлағанда Қадыр бұрын-соңды қазақ поэзиясында ұшырайтын көптеген көркемдік бояуларды қайталамайды. Қадыр Мырза Әли - эпик ақын. «Қызыл кітап» (1986) поэмасы - ой толғамы ауқымды, Бүкіл адамзатты ойландырар пікір - тұжырымға бай философиялық туынды. Ақын «Заман- ай» поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен жаңаша көзқараспен қарап, шамырқана толғанады. 70 жыл ішінде қазақ халқы бастан кешкен адам небір қиындықтарды нақты көркемдік ойлармен жинақтап, әсерлі бейнелеген. Қадыр Мырза Әли поэмасында 1917- 1991 жылдар арасындағы Кеңес Одағындағы халық қасіретінің әрі нақты, әрі жинақталған көркем бейнесі бар. «Заман-ай», «Бес жыл өткен соң» поэмалары - қазақ халқының ХХ ғасырдағы көркемдік тарихын оқырман12 санасына толық жеткізетін көрнекті эпикалық туындылар. Ал «Ақырзаман», «Көкейтесті», «Ғадуат ғасыры» сияқты ақындық терең тебіреніспен, шалқыған жүрек жалынымен жазылған поэмалары таңдамалы туындыларының көптомдығының 9 томында (2001) жарық көрді. Бұл поэмаларда ол халықтың өткен тарихына көркемдік шолу жасаған. Қадыр Мырза Әли көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп келеді.
Қадыр Мырза Әли - драма жанрына да белсене араласқан ақын. Оның «Әмір Темір», «Жаралы жолбарыс» атты драмасы, «Мың бір мұң» атты трагедиясы, «Сақал саудасы», «Түрт сайтаным түрт!» атты комедиялары, «Отырар ойраны» (Ә.Хасеновпен бірлесіп жазылған), «Төле би» (Ә.Таразимен бірлесіп жазылған) атты либреттолары қазақ драматургиясына елеулі көркемдік үлес болып қосылған туындылар. Қазақ поэзиясының дамуына көп еңбек сіңіріп, зор көркемдік үлес қосқан Қадыр Мырза Әлидің ұзақ жылдарға созылған шығармашылығы әдебиет ғылымы13 мен сынының әрдайым назарында болып, жоғары бағаланып келеді.
3. Синтаксис бойынша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар, іскерлік жүйесі. Өздеріңізге мәлім, синтаксистің «сөйлем», «сөз тіркесі» деген екі үлкен обьектісі бар. Сөйлем дәрежесінде с –с тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, осы тұрғыда ол – тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Демек, с-с курсының мектепте оқытылуының тілдік жүйе түрінде түсініп біліуінде үлкен маңызы бар. Синтаксистік бірліктер, алдымен сөйлем, бірініші сыныптан бастап оқытылады. Оның жүйелі курсы 5-7 сыныптарда, 6-7 сыныптарда әр сөз табының синтаксистік қызметі оқытылады.