Суретте. Туған жер, Жетімкөлдің сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, айналаны қоршаған ортамен үндестігі, ақын сезімі өлеңде қалай берілген?
Салыстыр. Поэма оқиғасына немесе тақырыбы мен тіліне ұқсайтын шығарма бар ма? Кіммен немесе кімнің шығармасымен салыстыра аласың? (Венн диаграммасы қолданылады).
Зертте. Мұқағали ақын туралы тағы не білесің?
Қолдан. Ақынның психологиялық жай-күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі, көркем тіркестерді көріп тұрсың? (Оқулықпен жұмыс).
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді? (Ойтолғау,сурет) Ақынға хат жазып көр.
Талда, қолдан, қарсы шық. Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүр еткен не? Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды? (Мәнерлеп жатқа оқу) ББҮ» стратегиясы арқылы «Поэма» дегеніміз не? Абайдың «Ескендір» поэмасы туралы білетіндерін сұрау.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
РАФТ стратегиясы
Р – оқушы
А - бүгінгі заманның тойымсыздарына, Ескендірге
Ф - хат, үндеу
Т - Қанағатсыздық қайда апарады?
Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу ұстаздардың басты міндеті.
19-билет. 1.Еліктеу, одағай, шылау сөздер. Еліктеу сөздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы, жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер және бейнелеуіштер. Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы, сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б. Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеунәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы, жалт қарады, маң-маң басады, желп-желпетеді, жарқ-жарқ етті. Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді. 1.Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б. 2.Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б. 3.Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б. қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.
Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады: 1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар: -ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл., т.б. -ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.
2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар: -ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.-ла, -ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б. -да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.
Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.
Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы,Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.
Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы,қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |