1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстау керек



бет41/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстау керек:

  1. Орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы;

  2. Өздік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы;

  3. Өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы;

  4. Әрбір өздік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек.

Өздік жұмысты сабақтың

  • жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;

  • сабақты қайталау кезеңінде;

  • сабақты бекіту кезеңінде;

Өзіндік жұмыс түрлерінің оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар: 
оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады; сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді; шығармашылық ой - өрісі артады; кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;  ұжымдық ой - пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді; мұғаліммен оқушылардың қарым - қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады; оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді; білімін жүйелі түрде толықтыруға өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға; тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді; оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Оқушыларды өзіндік жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын. Олар мыналар: 1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісін өткенде сыныпты 4 топқа бөлемін.1-топ Ертегіні өзге топтарға баяндап береді.2-топ Ертегі бойынша тезис жазады. 3-топ «Керқұла атты Кендебай» ертегісі мен «Толағай» ертегісін салыстырады».4-топ «Толағай» ертегісін «Егерде мен жазушы болсам» айдарымен басқаша мазмұнда аяқтайды. 
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау 
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру. 
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы:
6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 
7. Шығарма, мәтін құрастыру. 
Тақырып бойынша. 
Жоспар бойынша 
Тірек сөздер арқылы 
8. Өлең құрастыру. 
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы. 
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы. 
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу. 
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету. 
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу. 
13. Рөлге бөліп оқыту. 
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.) 
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру. 
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с. 
Өзіндік жұмыс жеке тұлғаның өз бетімен жұмыс жасауын және белсенділігін қалыптастыру, оның репродуктивті және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі болуы керек. Оқыту үрдісінде студенттің әрекеті өзінің потенциалын өзі көрсетуіне, өз мүмкіндіктерінің шыңына жетуіне бағытталу керек, бұған дайындаудың әр деңгейінде өз бетімен жасаудың әртүрлі функциялардың басым түсуі арқылы өзіндік жұмыстарға бөлінетін сағат санының біртіндеп көтерілуінің жүйесін ойластыру арқылы қол жеткізуге болады.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. өз беттік тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады. 
18-билет. 1. Үстеу туралы түсінік, оның мағыналық түрлері, жасалу жолдары, синтаксистік қызметі.
Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы.Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте т.б. Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз. Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік қызметі - сөйлемде пысықтауыш болу. Сөйлемде үстеулер қашанда өздерінің пысықтайтын сөздерінен бұрын тұрады. Үстеулердің ішінде орын талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің бірі – мезгіл үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан басқа мүшелерді пысықтаса, онда пысықтайтын мүшенің алдынан келеді. Ал баяндауышты пысықтаса одан алшақ тұра береді.Үстеу қимылдың, амал-әрекеттің әр алуан сын бейнесін, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат, себеп пысықтауыш бола береді. Үстеу мен үстеу, я үстеу мен зат есім тіркесіп келіп күрделі пысықтауыш болады. Мысалы, Құр кимелеудің зардабын тартқан жұрт енді еппен өтіп жатыр (Ғ.Мүсірепов). Таң қараңғысында еркек атаулы жұмысқа кетеді (С.Мұқанов).Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Алынған сөйлемдерде еппен сын-қимыл пысықтауыш болып тұрса, таң қараңғысында мезгіл пысықтауыш болып, жоғары-төмен мекен пысықтауыш ретінде жұмсалып тұр.Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер субстантивтеніп бастауыш қызметінде жұмсала береді. Нөлдік тұлғада көптік жалғаулары арқылы субстантивтеніп бастауыш болады. Кей жағдайда көмекші сөздермен тіркесіп бастауыш қызметін атқарады. Еріншектің ертеңі бітпес (мақал). Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ә.Кекілбаев).Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер сөйлем соңында жіктеліп баяндауыштың қызметін де атқарады. Мысалы, Киім формасы өзгешелеу екен өзінің (К.Тоқаев). Мен сенімен біргемін (Ғ.Сланов).Үстеудің толықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеулер заттанып тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та бола алады. Тура толықтауыш қызметінде жай септікпен бірге тәуелдеулі септік формасында да жұмсала береді. Мысалы, Азын-аулақ қазақшаны да далбарлайтын болған (М.Әуезов). Жанама толықтауыш болып барыс, шығыс және көмектес септіктерінде келе береді. Мысалы, Соншаны көріп, біліп келіп, ішке тығып тастағандай едіңіз (Бұл да).Үстеудің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп, анықтауыш та болады. Мысалы, Осынша орысшаны қайдан үйреніп жүрсіз (Т.Ахтанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет