1-билет Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі



бет4/17
Дата26.04.2023
өлшемі45,53 Kb.
#87133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-áèëåò Ãîðìîíäàð, ò?ñ³í³ê. Õèìèÿëû? òàáè?àòû áîéûíøà æ³êòåëó³

3 Қандағы глюкоза деңгейі 10 мМоль/л. бұл жағдай қалай аталады? Зәрде глюкозаның пайда болуы мүмкін бе? Гликогеногенез және гликогенолиз бауырда қандай процесс қарқынды жүреді?
Қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі 3,4-6,1 мМоль/л (жаңа мәліметтерге сәйкес)
Қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы гипергликемия болады, ал төмендеуі гипогликемия болады. Бұл жағдайға сәйкес 10 мМоль/л қандағы глюкозаның қалыпты деңгейінен артық болғандықтан, *гипергликемия* болады. Физиологиялық гипергликемия жеңіл сіңетін, аз уакытта тез корытылатын көмірсуларды көп мөлшерде пайдаланғанда байкалу мүмкін. Бұл жағдай тез өтеді және аз уақытты. Патологиялық гипергликемиякант диабетінде байқалады, бұл көмірсулар алмасуының бұзылуына алып келіп соғады; бүйрек үсті безінің гиперфункциясы кезінде, ми ісігінде және тағы басқа жағдайларда байқалады. 
Бауырда қарқынды жүретін процесс глюкогеногенез болып табылады. Гликогеннің тузілуі гликогеногенез деп аталады.Гликогеногенез глюкокиназа жэне гексокиназа ферментінің қатысуымен глюкозаның фосфорлануынан басталады, осы реакция нәтижесінде глюкозо-6-фосфат түзіледі, Екінші сатысында глюкозо-6-фосфат фосфоглюкомутаза ферментінің әсерінен глюкозо-1-фосфатқа айналады. Содан кейін нуклеотидтік алғы затының синтезі жүреді. Уридиндифосфат-глюкоза УТФ пен глюкозо- 1-фосфаттың әрекеттесу реакциясы нәтижесінде түзіледі.
4-билет
1 Май қышқылдарының жіктелуі, өкілдері. Маңызды май қышқылдары. Олардың организм үшін рөлі
Май қышқылдары – көмірсутек тізбегі кем дегенде 4 көміртегі атомынан тұратын, кқміртегі мен сутегі атомдарының ұзын тізбектерінен құралған, майлар мен липидтердің құрылымдық негізі. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин С17Н35СООН, пальмитин С15Н31СООН, ал қанықпаған май қышқылдары олеин С17Н33СООН, линол С17Н31СООН, линолен С17Н29СООН қышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің жасушалары мен тіндерінің негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Құрамында биологиялық активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майдың құрамына кіретін көп таралған қышқыл қалдықтарында көміртек атомдарының саны 12-ден 18-ге дейін болады. Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде пайдаланылады. Глицериннің ерігіштігін,антиатерогендік әсері арттырады. Тромбо түзілуін азайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет