1-билет Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі анықтама беріп, талдаңыз Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесін сипаттаңыз Критериалды бағалау жүйесінің ұйымдастыру формаларын талдаңыз



бет7/20
Дата16.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#115762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Бағалаудың өлшемдік техно ответы

7-билет
1. Оқушының жетістіктерін бағалау мақсатын сипаттаңыз
2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі заманғы әдістеріне анализ анықтама беріп талдаңыз
3. Есеп шығаруды критериалды бағалау жүйесін сипаттаңыз
Жауабы:
1. Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады. БағалауБағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама. Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жинақтаушы). Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады. Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогрестік дамуын бағалау. ӘрбірӘрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті бағалаутәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.Белсенді оқыту әдістерінің ішіндегі тренинг түріндегі сабақтардың өтіліуінің ең басты жетістігі - жеке тұлғаның өзін-өзі талдау және бағалау, өзіндік даму, өзін толық сезіну үшін уақытты жоғары тиімділікпен қолдану. Бұл сабақтар мектеп психологы, мұғалім, әлеуметтік педагогтың тренингке қатынасушы әрбір мүшені толық тануына, оларға өзінің негізгі ерекшеліктерін түсінуге, жеке бастарының дамуы барысында жүйелі іс-әрекеттер жүргізуге мүмкіндік береді.


2. Қазіргі кезде тест бағалау формасын тәжірибеден өткізген шет ел мамандары олқылықтарды жою үшін, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап түзету іздестіруде. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бір шешімі ретінде.АҚШ-та портфолио идеясы кең өріс ауда.Ал Ресейде болса бүгінгі күнде бұл бағалау әдісі қолданылап та келеді.Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ)
3. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалау. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады.Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Критериалды бағалау артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгісі оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет