4-билет 1. Арнайы педагог тұлғасы қандай болуын сипаттаңыз
2. Оқушының жетістіктерін бағалау мақсаты сипаттама беріңіз
3. Оқушылардың бірін бірі бағалауына талдау жасаңыз
Жауабы: 1. "Баланың психикалық немесе (және) дене дамуы негүрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғүрлым жоғары болуы қажет", деп жазган XX ғасырдың басында атақты неміс- педагог-дефектологы П. Шуман.Арнайы педагог - бүлжан-дүниесі ете кең, ерекше рухани күндылыктарға ие, мейірімді, ақкұңілді, жан-жақты кәсіби күндылықтар жүйісін меңгерген, өзінің кәсіби әрекетін нәтижелі әрі сәтті болатынына сенімді тұлға. Оның кәсіби әрекеті соншалықты кең, тіптіоған әлеуметтік –мейірімділік акциялардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болуына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаушы болуына тура келеді. Арнайы педагогтың кәсіптік кызметтің мазмүны: мүмкіндіктері шектеулі балаларға түрлі тузету-педагогикалық, әлеуметтік жэне емдік кемекті ұйымдастыру: дамуында пайда болған ауыткулардың түрлерін ерте анықтау, арнайы мектеп жасына дейінгі жэне мектеп мекемелерін, оңалту орталықтарын толықтыру, ерте араласу және мектепке дейінгі тәрбие, мектеп білімі; кемтарбалаларғаәлеуметтікжәнеемдіккемеккөрсету, денсаулықжағынанмүмкіндіктерішектеуліжәнеарнайыбілімді кажет ететінадамдарғаәлеуметтіккөмекжәнеқызметкөрсету, дәрігерлікмекемелеріндеденсаулыксауықгыруорталыктарыныңжүмысы, емдікмекемелеріндегілогопедиялыккабинеттеріндекеңестікжәнетүзетужұмысы.Арнайыпедагогтың, яғни дефектологтың кәсіби әрекеті денсаулыққа кері әсерін тигізетін мамандықтар катарынан болып табылады. Сондықтан денсаулығына шарт тұлғалар бұл мамандық бойынша жұмыс жасауда қиналады. Бұл мамандық бойынша жұмыс жасаймын деген тұлғада есту, көру, жүйке мен жүрек-тамыр, иммунитет жүйелер жағдайы, жалпы денсаулығы жақсы болуы қажет.Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына колдау көрсету, толыққанды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу, оқу, катарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер керсету, қолөнержасаужәнесурет салу, ересекөміргедайындау, өзеліне, халқынақажеттіазамат болу мүмкіндігінсыйлайалатынмаман – арнайы педагогтар.Арнайы ұйымдастырушылық дайындық жұмыс орнын ұқыпты ұстау, көрнекілік пен таратылатын оқу материлды алдын ала дайындау арқылы қамтиды. Ең негізгі жұмыс бұл жерде сабақ конспектісін дайындау. Сонымен арнайы педагогтың қызметі педагогалық түрлі әрекеттерді қамтиды, тұлғасына көптеген талаптарды білдіреді.
2.Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.Бағалау Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушыжетістіктерініңсапалықжәнесандықсипатыныңалдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама.Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жинақтаушы).Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады. Формативті бағалау – білім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогрестік дамуын бағалау. Әрбір оқушының жекежетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.Белсенді оқыту әдістерінің ішіндегі тренинг түріндегі сабақтардың өтіліуінің ең басты жетістігі – жеке тұлғаның өзін-өзі талдау және бағалау, өзіндік даму, өзінтолықсезінуүшінуақыттыжоғарытиімділікпенқолдану. Бұл сабақтар мектеппсихологы, мұғалім, әлеуметтік педагогтың тренингке қатынасушы әрбір мүшені толықтануына, оларға өзінің негізгі ерекшеліктерін түсінуге, жеке бастарының дамуы барысында жүйеліс-әрекеттер жүргізуге мүмкіндік береді.
3. Окушынын деңгейлерын жоғарылатудың бір түрі – мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне және соның барысында кері байланыс ұйымдастыру арқылы оқуға сыни көзқарастарын қалыптастыру. Топтық жұмыс – өзінің барлық белгілері бар ынтымақтастықтың идеалды моделі. Ең алдымен сыныптың татулығын қалыптастыру, бірігіп жұмыс жасау, бір-біріне деген құрметтері артуы мақсатында топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлініп жұмыс істеген оқушылар арасында бір-біріне деген сенімділік және ұйымшылдық пайда болды. Бұл бұрынғы өзіміз өтіп жүрген дәстүрлі сабаққа қарағанда, тиімділігін, оқушының сабаққа деген ынтасын ашатынын байқадым.Жасаған топтық жұмыстарын бір біріне «Екі жұлдыз, бір тілек», «Сэндвич», «Үш жұлдызша, бір тілек» әдістері арқылы бағалады. Сыныбымызға бағалау қатты ұнайды. Себебі бұрын мұғалім ғана бағалап келді. Бағалаушы болып сайланған оқушы бағалау өлшемін топтық бағалауда, өзін-өзі бағалауда пайдаланды.Топпен жұмыс істеу кезінде қандай да бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғандығы маңызды. Мұндай жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс нәтижесі де бағалануы тиіс