6-билет
1. Критериалды бағалаудың негізгі принциптері мен функциялары сипаттама беріңіз
2. Бағалаудың өлшемдік технологияларына қазіргі көзқарастар талдау жасаңыз
3. Оқушылармен кері байланыс анықтама беріп талдаңыз
Жауабы:
1. Критериалды бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. КритериалдыКритериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. КритериалдыКритериалды бағалаудың басты ерекшелігі — алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі, баланың өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ Анық, айқындылығымен; Жеке тұлға емес жұмысының бағалануымен; Бағаның әділдігімен
Өзін бағалауға мүмкіндік берілуімен Кері байланыстың жүзеге асуымен Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласымен ерекшеленеді.КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) 1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен,
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. 2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі
болады. 3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқыұсынады,ақ,барлық
оқуүдерісінеқатысушылардыңқызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.5. Дамыту бағыты. Бағалаунәтижелерібілім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.Критериалды бағалау
Формативті (ағымдық, қалыптастырушы) бағалау Сыныптағы күнделікті оқу барысында
игерілетін білім мен біліктің ағымдық деңгейін анықтау. Формативті бағалау
қорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде
жиі болатын қателесуден қорықпауына ықпал етеді Суммативті (қорытынды, жиынтық) бағалау Оқу материаланың белгілі бір бөлігін (тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі бір кезеңдегі (тоқса, жыл) қорытынды бағаны шығару үшін негіз болып табылады.Критериалды бағалау жүйесі Оқытуды түзету
Оқытып үйрету Мәлімет жинау Кері байланыс Жиынтық бағалау Қалыптастырушы бағалау Мәліметтерді талдау Қорытынды пікір Баға қою.Критериалды бағалау құраушылары Бағалау парағы Тақырып бойынша өз білім білігін өзі бағалау парағы
Бағалау тапсырмалары– Сынақ, есеп, эссе, тәжірибелік жұмыс, тест, жоба қорғау және т.б
Рубрикатор – Жетістіктерді көрсете отырып бағалау критерийлері мазмұнын тәтпіштеп сипаттау.Бағалау тапсырмаларының түрлері Сынақ, тест, бақылау және тексеру
жұмыстары Зерттеу, практикалық, және зертханалық жұмыстар Шығарма, эссе, баяндама,хабарлама жасау Әр түрлі тапсырмалар әр түрлі құзыреттіліктерді қалыптастырады.Критериалды бағалау маңызы Бағаның әділдігіне ықпал етеді
Бағалауды бәріне түсінікті етеді Білім беру сапасын арттырады Өз еңбегіне жауапты болуға тәрбиелейді Оқуға деген уәжді арттырады.
2. Бағалау жүйесі оқыту жәнүдерісітуралы интегралдық және сараланғанақпарат алуға, жоспарланған нәтижегежетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасыныңтиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар
және ата-аналарға арналған керібайланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік Оқыту формалары мен әдістерін жаңарту ұстаздар мен оқушылар арасында серіктестік және тату қарым-қатынас орнатуға; оқытудың инновациялық әдістерін, заманауи білім берушілік және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдерді қолдауға; сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан әр оқушының жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға интербелсенді, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды қолдана отырып көшуді қамтамасыз етуге; оқушылардың артық дерексіз-теоретикалық біліммен және тапсырмалармен жүктеудің алдын алуға септігін тигізеді, бұл оқу үдерісін барынша икемді әрі іс-тәжірибелік-бағдарланған етуге мүмкіндік береді
3. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. 2. 2 Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс. Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН в в 3.Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |