Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жырларының композициялық құрылысына талдау жасаңыз
Орхон жазба ескерткіштері ішінде “Т о н ы к ө к ж ы р ы” ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар.Әйтсе де бұл жыр өзінің жазылу стилі, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан Күлтегін жырына өте-мөте ұқсас. Әсіресе, композициялық құрылымы — циклдар мен элементтердің атқаратын қызметі құдды Күлтегін жырындағыдай болып келеді.Әрине, “Тоныкөк” жырының сюжеті, оқиғалары басқаша болып келеді. Мұндағы басты қаһарман — қағанның кеңесшісі Тоныкек. Егер “Күлтегін” жырында түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе — Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал “Тоныкөк” жырында автор дәл сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің, ақыл-айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді.Бұл жырдың басты қаһарманы батыр емес, бүкіл түркі елінің дана қарты, тіпті Білге қаған мен Күлтегінің әкесі Елтеріс қағанға да кезінде ақылгөй болған Тоныкөк қарт. Сондықтан бұл жырда уағыз-өсиет, нақыл сөздер көбірек ұшырасады: «Өлімнен ұят күшті.» “Тоныкөк” жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып түр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Күлтегін жырындағы секілді мұнда да әрбір цикл үш элементтен: оқиғаның басталуы, оқиға желісінің өрістеуі және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші циклда түркі халқының табғаштарға бағынышты болып қалу тарихы, екіншіде — аман қалған түркілердің бас қосып, бірігуі, үшіншіде — сол біріккен халықты басқаратын қаған сайлаудың қиын болғандығы, қаған сайлаудағы Тоныкөктің зор роль атқарғаны, төртіншіде—Елтерісті қаған етіп жариялағаны, ел іш-індегі тыныштыққа сырттан қатер төне бастағаны, бесіншіде — оғыздардан тыңшы келіп, олар түркі елін шаппақ болып жатқаны, алтыншыда — түркі халқының жауларымен күрестің қиындығы және осы қиындықты жеңудегі Тоныкөктің ролі, жетіншіде — оғыздармен болған соғыс туралы, сегізінші циклден бастап, ол үшін-ші циклға дейін түркілердің түрлі тайпалармен жүргізген қиян-кескі соғыстары жыр етіп баяндалады.
“Тоныкөк” жырының ең соңғы — он төртінші циклы бүкіл жырдың қорытындысы сияқты. Мүнда түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап-атап айтады да, соның бәрінде түркілердің жеңіске жеткенін, сол жеңістер өзінен-өзі келмегені, оған Тоныкөк өзінің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен қыруар үлес қосқаны сез зергерлеріне ғана тән зор шеберлікпен суреттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |