1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


Онкологиялық емхананың құрылымы мен міндеттері



бет5/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
1. Онкологиялық емхананың құрылымы мен міндеттері
2. Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары
Жауап
1 Онкологиялық емхананың құрылымы мен міндеттері
Бастапқы деңгейде онкологиялық көмекті МСАК{Медициналық-санитарлық алғашқы көмек} және КДК медициналық ұйымдары жүзеге асырады.Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдарда екінші және үшінші деңгейлерде құрылымдық бөлімшелер ұйымдастырылады: 1) динамикалық бақылау бөлімшесі бар клиникалық-диагностикалық бөлімше; 2) сәулелік терапия бөлімшесі (радиологиялық бөлімше); 3) химиотерапия бөлімшесі;4) ісіктер хирургиясы бөлімшесі.
Қосымша бөлімшелер:1) ядролық медицина бөлімшесі (орталығы): радионуклидтік диагностика бөлімшесі, Радионуклидтік терапия бөлімшесі;
2) жоғары мамандандырылған бөлімшелер мен орталықтар;
3) онкологиялық науқастарды қалпына келтіру емі және оңалту бөлімшесі (кабинеті) ;
4) паллиативтік медициналық көмек және қолдаушы терапия бөлімшесі (орталығы).
Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:
Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар бастапқы, қайталама және үшінші деңгейлерде ҚІ бар пациенттерді профилактикалауға, диагностикалауға, емдеуге, паллиативтік көмекке және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады. Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары Кодекстің 7-бабының 70) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған.
Онкологиялық көмек көрсететін ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде эпидемияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып, медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
2.Ойылу және ойылу алдын алу
Ойылу – қысым арқылы тері, тері асты ұлпаларының, бұлшықеттерінің, некроздануы, және сұйық қабыршағының зақымдануы.
Ойылудың белгілері: терінің бозаруы;терінің қызаруы;көк дақ пайда болуы;ұлпалардың ісінуі;терінің сырылуы;тері асты зақымдануы;бұлшық ет зақымданып,сүйекке жетуі.
Пайда болу себептері:ауыр халдегі науқастардың күтімді уақытында алмауынын;Дымқыл, лас іш киім;төсек бүктемелерінен;жеке бас гигена сақталмауынан, кірлену;салдану, егде жас, анемия,зат алмасу үрдісінің бұзылуы,Науқастың ұзақ уақыт бір қалыпта болуы,жайылған ісінулер,зәр нәжістің ұстамауынан болады.
Ойылулардың алдын алу:
1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру.
2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек
орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу
ауыстыру.
3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру,
камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен
сүрту, ұнтақ себу.
4. Резеңке шеңберлер қолдану.
5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке
отырғаннан кейін астын шайып жуу.
I кезең
Белгілері:Тері қызарады ,басқанда теріде көк –қызыл
түс байқалады, анық емес шеттері жоқ.
Емі: Жеңіл массаж жасау,антисептиктермен
өңдеу,резинка салу,салицил 1%,камфорный спирт 10%
II кезең
Белгілері: Тері зақымданып, қорғаныш қасиеті
бұзылады,мұйық жара мазол пайда болады.
Емі: Жараны тазалап,айналасын антисептиктермен
өңдеу.Зеленка 1-2 % ерітіндісі,калий перманганат
ерітіндісі 5-10 %.
III кезең
Белгілері: Бұлшықеттен теріге,теріден тері асты
торшасыны,басқа жұмсақ ұлпалардың некрозы
дамиды.Некроз тоқтаған соң-өлген ұлпаларды алып
тастап-жараны өңдейміз.Суйек көрініп тұрады.
Емі: Майлы таңғыш орап,арасына дөңгелек резинка
саламыз. Октовегин,
Солкосерил,Левомиколь,Ируксол,Стрептоци
10%,Облепиха,Вишневский майы.
IV кезең
Белгілері: Жараға инфекция тусу қаупі тусаірің,инфекция қанға түссе-сепсиске,гангренаға әкелуі
мүмкін.
Емі: Жарадағы іріңді сутегі асқын тотығы 3 %
обработка,фурацилин ерітіндісі 1:5000мл. Жараға
хирургиялық операция жасау.Емді уақытында жасау.
Науқастың жағдайын НОртон мен Ватерлоу шкаласы бойынша қадағалау.
Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз түндеде,Фаулер Симс қалпы сол жақпен,ішпен жатқызу егерде қарсы көрсеткіштері болмаса. Науқас өздіген қозғалуға тырысса оған көмектесу. ойықтардың пайда болу жерлерін қарастырыңыз.
Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз - онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.
Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.
Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкше және жауырын,шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.
5 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет