1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары



бет3/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
1. Ісік аурулары туралы түсінік
2. Науқастың төсектегі белсенділік тәртібі
Жауап
1. Ісіктер – әр түрлі ағзаларда өздігінен пайда болатын, шексіз тоқтаусыз,бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін. Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:1)жасуша ішіне еніп ,онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;
2) өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
3) онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.
Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар.
зиянды әдеттер:- темекі шегу;- маскүнемдік;- насыбай ату;
тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.) - қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ісіктің түрлері:Қатерлі және Қатерсіз ісіктер
Қатерсіз ісіктер-әдетте ұзақ өседі және организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды,ерекшеліктері:- капсула түзіп өседі, құрылымы қалыпты жасушаларға ұқсас келеді, ісік жасушалары дамыған және сараланған,айқындалған құрылымды атипизм,
алып тастағанда қайтадан өспейді,Метастаздану болмайды, Адам үшін клиникалық көріністері жағымды, Кахексия тудырмайды және өлімге әкелмейді.
Мезенхимадан өсетін қатерcіз ісіктер: Фиброма жетілген талшықты дәнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет аралығында өсіп,бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4-5 см жетеді. Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген.Хондрома - гиалин шеміршегінен өсіп шығатын қатты ісік. Ең көп ұшырай-тын жері қолдың, аяқтың майда сүйектері, омыртқа. Эпителийден пайда болатын арнайы даму орны жоқ қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады. Папиллома (латынша papilla - бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Аденома – безді ағзалар эпителиінен,олардың өзектерінен өсетін безді ісік.
ҚАТЕРЛІ ІСІК-айналасындағы тіндерге сіңе отырып,метастаз береді. Қатерлі ісік ерекшеліктері:
инфильтрацияланған өспе, капсуласы болмайды, жасушалық анаплазия, жетілмеген жасушалар, алып тастағанда қайтадан өседі. Метастаздану байқалады, Адам үшін клиникалық көріністері жағымсыз. Кахексия тудырады ,өлімге әкеледі. Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайылма өскен, ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады, . Рактың бірнеше түрлерін ажыратады:орнықты рак,жалпақ клеткалы ,безді ,шырышты, солидті ,майда клеткалы ,фиброзды ,медулярлы рак.Фибросаркома - дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде байқалады. Липосаркома - май тінінің қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі, ісік клеткаларының арасында бір ядролы және көп ядролы, ерекше ірі, атипиялық клеткалардың болуымен ерекшеленеді. Ангиосаркома - қан тамырларынан өсіп шығатын аса қатерлі ісік. Хондросаркома - сирек кездесетін, шеміршек клеткаларынан өсетін ісік.
ЕРЕСЕК АДАМДАРДА ЕҢ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР:Өкпе рагы,тері,тік ішек пен тоқ ішек рагы,сүт безі,асқазан, қуық безі,аналық без өңеш рактары,лимфома және лейкоздар.БАЛАЛАРДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР:Лейкоздар,лимфомалар,ми
ісіктері,гепатобластома,нефробластома,тератомалар,рабдомиосаркокама,остеогенді саркома.Диагностика-Эндоскапиялық зерттеу,Цитологиялық зерттеу,Морфологиялық ( биопсияны),Рентгенологиялық зерттеу,ЭхографияКомпьютерлік тамография,Лабораторлы зерттеу ( -қанның морфологиялық құрамын, ферменттерді анықтау,сынамаларды жүргізу)
ЕМІ-Қатерсіз ісік болса :-Хирургиялық
Қатерлі болса :–Хирургиялық .Сәулелік ем.Химиотерапия.Гармонотерапия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет