Бромға күйген жағдайда күйген жерді концентрациялы натрий тиосульфатының ерітіндісімен жуып тазалайды
Хаттама №2 22.10.2021
ББ жетекшісі Р.Ж. Мұқанова
Қазақсан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Жаратылыстану жоғары мектебі
«Мектеп химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі» пәні
№10 БИЛЕТ
Демонстрациялық экспериментке қойылатын талап: тәжірибенің анықтығы, қарапайымдылығы, қауіпсіздігі, сенімділігі, экспериментті түсіндіру қажеттілігі. Демонстрациялық эксперимент жүргізу кезіндегі көрнекілік принципі.
Демонстрциялық экспериментке қойылатын негізгі талаптар:
- эксперименттің көрнекілігі, яғни демонстрациялық столда болып жатқан барлық құбылыстар оқушыларға жақсы көрінуі керек
- эксперименттің қарапайымдылығы, яғни жұмысты орындау техникасы қарапайым әрі түсінеуге жеңіл болуы
- эксперименттің қауіпсіздігі, яғни орындалатын эксперимент оқушылар мен мұғалімге қауіпсіз болуы керек.
- эксперименттің сенімділігі, яғни эксперимент жүргізудегі көрсетілген әрбір тәжірибе нәтижелі, әрі әсерлі болуы керек.
- экспериментті түсіндірудің, қайталаудың қажеттілігі, яғни оқушылар эксперименттің құрамын түсінуі үшін эксперимент алдын ала мұғаліммен тексеріліп, дайындалған болуы
- уақыттың шектеулілігі
Алюминийді зерттеу кезінде 9.2С «I, II, III топтардың элементтері және олардың қосылыстары» бойынша эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз (9 сынып).
№9 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі
Реактивтер:алюминий түйірлері немесе жаңқасы ; тұз немесе күкірт қышқылдарының ерітінділері , калий гидроксиді немесе на трий гидроксидінің ерітінділері .
Достарыңызбен бөлісу: |