1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


"Ерітінділер және ерігіштік" (8 сынып.) 8.3С бөлімі бойынша эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз



бет51/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында-emirsaba.org

"Ерітінділер және ерігіштік" (8 сынып.) 8.3С бөлімі бойынша эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз.


Тәжірибе «Заттардың ерігіштігін зерттеу»

Реактивтер; натрий хлориді-5г, кальций карбонаты-5г, кальций сульфаты-5г, су -100мл

Құрал-жабдықтар мен ыдыстар; стакан -3дана ,шыны таяқшалар,сағат шынысы

Жұмыс барысы:
  • Үш стаканға 20 мл-ден су құйып, бірінші стаканға натрий хлоридін, екіншісіне кальций сульфатын, ал үшіншісіне кальций карбонатын салып, оларды шыны таяқшамен араластырыңыз.Не байқадыңыз?


  • 3-4 мин-тан кейін әр стаканнан шыны таяқшамен бір тамшыдан алып, сағат шынысына тамызыңыздар.Тамшыны буландырыңыздар.Не байқадыңыздар ? Берілген заттарды еритін, аз еритін және ерімейтін деп жіктеңіздер.




  1. Түрлі тәсілдермен реактивтерге арналған флакондармен этикетканы әзірлеу.


Хаттама №2 22.10.2021


ББ жетекшісі Р.Ж. Мұқанова
Қазақсан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
Жаратылыстану жоғары мектебі

«Мектеп химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі» пәні


25 БИЛЕТ


  1. Орта мектеп химиясы курсында оқушыларды экологиялық білім берудің міндеттері. Ғылыми-зерттеу жобаларын бағалау ұстанымдары.

Экологиялық тəрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын жəне табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.


Бүгінде балалармен олардың жас, əлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, əсіресе əрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тəжірибе көрсетіп отыр. Cондықтан біз алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:

  • мектеп химия курсында экологиялық білім берудің теориялық негіздерін саралау;


  • мектеп химия курсында экологиялық білім берудің əдістемелік аспектілерін саралау;


  • химиялық білімдерді меңгеруге көмектесетін экологиялық мазмұнның əсерін нақты көрсететін химия курсының тақырыптарын таңдау;


  • орта мектеп химияны оқыту кезіндегі оқушылардың экологиялық білімдерінің күйін анықтау үшін нақты зерттеу жүргізу;


  • «экологиялық мəдениет» ұғымының мəнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;


  • оқушылардың экологиялық мəдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;


  • оқушылардың экологиялық мəдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын ғылыми- əдістемелік нұсқау дайындау;


  • таңдалған тақырыптар бойынша химияны оқуға ынталандыруды жəне химиялық білімдерді меңгеруді күшейтуге экологиялық компоненттердің əсерін зерттеу мақсатында педагогикалық зерттеу жүргізу.


Экологиялық тəрбие — бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына əсер ету əдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға əсер етеді. Экологиялық тəрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек.


«Экология» пəні туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді. 1980-жылдардың ортасында химия мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарында да пəнаралық байланыс (биология жəне геоғрафия) қолданылып келеді [3, 4]. Зерттеушілердің ойы бойынша, оқу процесінде пəнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ пəнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу процесіндегі интеграция оқу үрдісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Н.Ф.Винокурова [5] интеграцияны былай қарастырады: а) бір жүйеге келтіретін байланысты дамытушы;
б) байланыстырушының жүйелілік мəні;
в) жалпы философиялық түсініктің төменнен жоғарыға дамуы ретінде қарастырады. Қазіргі кезең бойынша экологиялық проблеманы шешудегі химияның ролі:
а) химия атмосферадағы, топырақтағы, сулы ортадағы заттардың құрамын, қасиетін, құрылысын білу арқылы биологиялық өзгерістерін түсіндіреді;
б) элеметтердің биогеохимиялық процестердегі айналу тетігін зерттеу жəне оларды өндіріске енгізу арқылы экожүйеге айналдыру;
в) əр түрлі химия-аналитикалық бақылау негізінде қоршаған орта немесе дайын өнім туралы мəлімет алып, оның зияны немесе оларды тазалау немесе қорғау т.б туралы мəлімет береді.


Осындай экологияландырылған химия курсы, біздіңше, оның ерекше рөлін аша түседі жəне табиғатты қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді. Түсінік интеграциясы — химиялық жəне экологиялық білім екі деңгейде қарастырылады, себебі «экологиялық білімнің» екі түрлі түсінігі бар.
  • «Табиғат қорғау» білімі — экологияны тірі ағзалардың бір-біріне жəне қоршаған ортамен əсері деп түсіну;


  • «Қоршаған орта» туралы білім адам мен табиғаттың бір-біріне əсері деп түсіну.


Осыған байланысты химияға экологиялық мазмұндағы түсінік интеграциясының екі бағыты пайда болады. «Экологиядан — химияға» жəне «Химиядан — экологияға».








  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет