Демонстрациялық тәжірибе кезінде оқушылардың қауіпсіздігіне мұғалімнің жауапкершілігі.
• Әр демонстрациялық тәжірибе мен зертханалық жұмысты мұғалім қауіпсіздік шараларына қатысты бүкілін мұқият ойластыруы керек, ал тәжірибе жүргізу кезінде мұғалім қауіпсіздік ережелерін дәл сақтау қажет екенін көрсетуі керек.
• Оқушыларға эксперимент жүргізер алдында мұғалім оларға осы тәжірибедегі ықтимал жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін керекті инструкция беруі керек. Қауіпсіздік ережелерінің сақталу жауапкершілігі оқушыларға сабақ жүргізетін мұғалімге жүктеледі.
• Көрінетін жерде қауіпсіздік ережелерін ілу керек. Бұл сабақ барысында ұйымшылдық пен тәртіпке үйретеді
• Кабинетті өрт қауіпсіздігі құралдарымен(өртсөндіргіш, құм и тд), тартпа шкафтармен, алғашқы көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз ету керек
• Газдар тазалығы алдын-ала тәжірибе алдында тексеріледі. Егер тәжірибе жарылыспен жасалса, студенттерге жарылыс тосынсый болмас үшін алдын-ала ескерту. Улы газдармен жұмыс тратпа шкафында жүргізіледі. Мұның бәрі оқушыларды экологиялық тәрбиелеу үшін де маңызды.
Күкіртті зерттеуде 9.3А «Олардың қосылыстарының VII, VI, V, IV топтарының элементтері» бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз (9 сынып).
Тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды үш топқа бөлуге болады:
- теориялық;
- эксперименттік-теориялық
- есептік;
Достарыңызбен бөлісу: |