1-билет Сынтасты мәдениеті


-билет 1.Шыңғыс ханның билікке келуі туралы әңгімеле



бет12/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
1-билет Сынтасты м дениеті

15-билет
1.Шыңғыс ханның билікке келуі туралы әңгімеле.
*Өзінің әскери дарынының арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183 – 1204 жылы өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, "Шыңғыс хан” лауазымын алады*
2. «Сауатсыздықты жою туралы Декрет» қай жылы қабылданды?
* 1919 жылы 26 желтоқсанда «Сауатсыздықты жою» туралы декрет қабылданып, мемлекеттік құжаттарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда халыққа білім берудің бірыңғай сындарлы жүйесі қалыптаса бастады*
3. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея.
*2014 жылы “ Мәңгілік Ел” ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. Елбасы оны Ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды “ Қазақстан - 2050” Стратегиясын үзеге асыру жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. “Мәңгілік Ел” халық арасында түсіністік пен қолдау тапты. Оны кеңінен талқылап, көпшілікке ұсыну үшін ЕҰУ-нің базасында бірнеше жылдардан бері үштілді көптаралымды “Мәңгілік Ел” журналы шығарылып, бірқатар елдерге таратылады*
16-билет

  1. Шығыс Түрік қағандығы және Түргеш қағандығы.

*603 жылы Ұлы Түрік қағандығы Шығыс Түрік және Батыс Түрік қағандығы болып екіге бөлінгеннен кейін қағандықтар дамуында қилы кезең басталды. Шығыс Түрік қағандығы Суй империясымен соғыс кезінде мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалған Шиби (609-619 жж.) және Қытайға қарсы 67 жорық жасаған Хели (620-630 жж.) қағандардың кезінде Орталық Азияға ықпалын жүргізді. Хели қағанның Қытайға жасаған жорықтарына қатысқан қуатты қолдың ұзын саны 100-150 мыңның төңірегіне жетіп жығылды. Үздіксіз соғыс қалың әскерді қару-жарақпен, атпен, азық-түлікпен және тағы басқасымен мол көлемде жабдықтауды қажет етті. Сондықтан, қаған соғыстан түскен олжа мен табысты місе тұтпай, халықтан жинайтын әртүрлі салықтар мен төлемдердің мөлшерін өсірді. Сан мыңдаған атты әскер жасағын үздіксіз жабдықтау ауыртпалығына көшпелі қоғамда жиі болып тұратын жұт пен ашаршылық апаты қосымша болды. Әсіресе, 627- 629 жылдары орын алған жойқын жұт пен ашаршылық түріктердің негізгі байлығы – мал шаруашылығын ауыр күйзеліске душар етті*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет