1-билет Сынтасты мәдениеті


Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл?



бет13/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
2. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл?
*Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған*
3. Қазақ этносы қандай үш жүзге бөлінді?
* Ұлы жүз - Ақарыс, Орта жүз - Жанарыс, Кіші жүз – Бекарыс*
17-билет

  1. Сынтасты мәдениеті.

*Сынтас, сымтас - мегалиттік құрылыстардың бір түрі. Жерге тіке қадалған тас бағана іспетті. Орталық және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісу өңірінде жиі кездеседі. Байырғы Сынтастар (неолит, ертедегі қола дәуірі) өңделмеген кесек тастардан тұрғызылған. Сынтас негізінен, дінге табыну жораларына орай жасалған болуы мүмкін. Сырт пішіні және орналасу тәртібіне қарай Сынтас әр түрлі атаумен ("алыптас", "қотантас", "қанаттас", "самалатас", т.б.) аталады. Сынтас ерте дәуір құрылыстарында (тас қабір, кешен, т.б.) тіреу рөлін аткарғаны аңғарылады*
2. Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орырдары
1928 жылы Алматы қаласында Қазақстанның ең алғашқы жоғарғы оқу орны – педагогикалық иннститут ашылды. Онда мұғалім мамандарын дайындады. 1940 жылға қарай елімізде бірнеше жоға¬ры оқу орындары пайда болды. Осы кезеңдерде Қазақстанның ғылымы қалыптасып, дами бастады. ХХ ғасырдың ортасында Қазақ ғылым акаде¬миясы құрылды. Халықтың шығу тарихын зерт¬тейтін этнология, жер қойнауының байлығын зерттейтін геология ғылымдары пайда болды. ХХ ғасырдың басында көптеген әдеби шығармалар жазыла бастады.
3.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.
*Есім ханның баласы Жәңгір 1628 - 1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп, Орбұлаққа бекінген Жәңгір ханның 600 cарбазы жоңғардың 50 мың әскеріне қарсы тұрды. Көмекке Самарқан қаласының әкімі Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен келеді. Орбұлақ шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердің бірі.Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 - 1715 жылдары ел басқарып, көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол ішкі феодалдық тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты. Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды. Тәуке хандық билікті күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сұлтандардың билігін шектеуге тырысты. “Хандық кеңесте” билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси істердің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге, елді басқаруға тартты. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қатысуымен “Билер кеңесінің” құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Тәуке ханның басты мақсаты – ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салу. Құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі белгілерін айқындайтын “Жеті жарғы” нормалар жиынтығын үш бидің қатысуымен жасады. “Жеті жарғыда” қарастырылған мәселелер: Жер дауы. Үй - іші мен бала тәрбиелеу. Ұрлық - қарлық, барымта. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау. Ұлтын жаудан қорғау. Құн дауы. Жесір дауы. “Жеті жарғы” рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтарды, үш жүз арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне үлес қосты*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет