2. Түркістан-Сібір теміржолы қай жылдары салынды? *Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы*
3. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы. *Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады*
20-билет Азамат соғысы.
* Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. 1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды*
2. «Біріңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қай жылы қабылданды? *1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің және Н.К.Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” атты құжатты даярлау жұмысы жүргізіліп, 16 қазанда аталған құжаттар жарияланды *
3. Үш жүз тайпалары туралы әңгімеле? *Қазақ жүздері – 15-16 ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен "Жүз" атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір жоқ. Кей зерттеуші бұл атауды әлдебір бүтін нәрсенің, құбылыстың "бөлшегі", "саласы", "бір жағы" деп қарастырса, енді бірі "жүз", "жүздік" сандармен байланыстырады. Қалай болса да қазақ жүздерінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшегі деп қарастырылады. Тарихи деректер бойынша Ұлы жүз Жетісу жерін мекен еткен. Шығысы Қаратал өзені, батысы Шу мен Қаратау, Балқаш өңірі. Бұған Қаратау қойнауы, Шыршық, Сыр, Арал өңірі қосылған. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген*