1-билет Сынтасты мәдениеті


-билет «Зар заман» ағымының ақындары



бет14/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
18-билет

  1. «Зар заман» ағымының ақындары.

* Зар – заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбубәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды . зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді*
2. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының бекітілген жылы?
* Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға қарастырылып отырды. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталды*
3. «Алаш» партиясының құрылуы.
* Қазақстандағы ұлттық демократиялық қозғалыс 1905 жылдан басталды. 1905 жылы желтоқсанда Оралда бес облыстың қазақ өкілдері Ресей конституциялық-демократиялық партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасады. Кадеттер партиясының бағдарламасын негізге ала отырып, А.Байтұрсынұлы және т.б. оны өлкеде құруды көздеді. Оның бағдарламасы “Пікір” газетіне жарияланды. Алайда Ресейдегі кадеттердің орталық комитеті Дала өлкесінде ұлттық бөлімше құруды қолдамады. Ә.Бөкейхан “Қазақ” газетіне өзінің кадеттер партиясынан шығатынын, және қазақтың ұлттық партиясын құрғысы келетінін мәлімдеді. 1917 жылы шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде “Алаш” ұлттық партиясы құрылып, оның атқару комитеті сайланды және оның бағдарламалық мақсаты анықталды*


19-билет

  1. Сақтардың Тасмола мәдениеті.

*Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет