1-билет Сынтасты мәдениеті


Тәуке ханның қазақ хандығында билік еткен жылы?



бет9/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
2. Тәуке ханның қазақ хандығында билік еткен жылы?
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан Қазы, орыс деректерінде Тевкей, Теуке, Тявка, Тевки) (1635-1715) – 1652 жылдан Кіші жүздің ханы, ал 1672 жылдан бастап Қазақ хандығының билеушісі, Салқам Жәңгір ханның баласы.
3. Алаш автономиясы.
* Алаш автономиясы — Трансконтинеталды қазақ республикасы болған. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. Бұл Ресей Республикасының, одан кейін Кеңестік Ресейдің бөлігі болған ел. 1917 жылда Алаш партиясының қазақ зиялыларымен құрылып, 1920 жылда Кеңес үкіметі басқарып отырған партияның жұмысына тыйым салғанда таратылған. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-демократиялық мемлекетті құру. Ел солтүстігінен және батысынан Ресей аумақтарымен, оңтүстігінен Түркістан Автономиясымен, ал шығыстан Қытаймен шектеседі."Алаш" сөзі - түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған*
12-билет

  1. Махмұд Қашқари өмірбаяны.

* Махмұд Қашқари араб тілінен аударғанда Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари 1029—1101 жылдар аралығында өмір сүрген — түркі ғалымы, әйгілі атты еңбектің авторы. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ғалымның туған, қайтқан жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдат қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді*


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет