1-билет Сынтасты мәдениеті



бет16/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
1-билет Сынтасты м дениеті

21-билет
1.Қазақ билері.
* Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері:
- Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан).
- Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады.
- Әйтеке Байбекұлы (1682 -1766 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан.Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан*
2. Махамбет «Исатайдың шайқасы» жырында сипаттаған халық көтерілісі жүрген кезең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет