3. Моңғол шапқыншылығының негізгі себебін ата. * XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі моңғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті моңғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті*
9-билет Петров мәдениеті.
* Петров мәдениеті б.з.б. 17 — 16 ғасырларда Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарды мекендеген қола дәуірі тайпаларының мәдениеті. Қоныстар мен зираттарды қазу барысында қыш ыдыс үлгілері көптеп табылған. Мәдениеттің негізгі дерегі саналатын Петров мәдениеті қышының басты сипатын бүйірі әдеттегідей біркелкі дөңес емес, тіктеп шығарылған көзелер береді. Бұл ыдыстарға аласа пішін, қысқа мойын, сондай-ақ түбінен аузының кең болуы сияқты белгілер тән. Негізінен ыдыстың жоғары жағында орналасқан өрнек түрлеріне штрихталған үшбұрыштар, толқынды сызықтар, иректер, тырнақпен шымшылған таңбалар мен басып түсірілген шұңқырлар жатады*
2. «Қазақстанды зерттеу қоғамы» қай қалада,қай жылы құрылды? *Қазақстанды Зерттеу Қоғамы- Қазақ (қырғыз) өлкесін зерттеу қоғамы (1920–1925) – қоғамдық-ғылыми мекеме. 1920 жылы 5 қазанда ұйымдастырылған. Бастапқы кезде тарих-археология, этнография және жаратылыстану-география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұмыс істеді*
3. 2000 жылдардағы Қазақстан экономикасының жандануы. *2000 жылдан бастап бірден экономикалық өсімді көреміз. ЖІӨ орташа өсімі 2000-2007 ж.ж. 10,3 пайызды көрсетті. Егер қандай да бір мемлекеттің ЖІӨ жылына 10 пайыздан өссе, әрі ол ондаған жылдарға ұласса елде экономикалық ғажайып болады. Тарихтан Германия экономикалық ғажайыбы, Жапония экономикалық ғажайыбы, Оңтүстік Корей экономикалық ғажайыбы деген ұғым пайда болды. Бұл мемлекеттер өздерінің бірегей ұлттық экономикасының моделін қалыптастыра алды деп айтуға толық негіз бар.Ал Қазақстанда экономикалық ғажайып болуға сәл қалып еді, болайын деп болмай қалды. Себебі 2007-2009 жылдары әлемдік қаржылық дағдарыстың салқыны еліміздің де экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. 2009 жылы ЖІӨ өсімі 1,2 пайызға дейін төмендеді.Бұл дағдарыстан шығу үшін үкімет "5 батыл қадам" деген дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асырды. *