1-билет Сынтасты мәдениеті


-билет «Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?



бет3/25
Дата06.06.2023
өлшемі67,53 Kb.
#99231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1-билет Сынтасты м дениеті

4-билет

  1. «Неолиттік төңкеріс» дегеніміз не?

*Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті.Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді*
2. Монғолиядан иммигранттар ағыны қай жылдары келді?
*1991жылдары маусым айында*
3. «Жеті жарғы» пайда болуының негізгі себептерін атаңдар.
* Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты*
5-билет
1.Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны.
*Әбу Насыр Әл-Фараби (870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.Әлемнің 2ші ұстазы.Қайтыс болған жері Сирия Шам. Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Зерттеуші ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұщымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы қызу ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді*


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет