*Найман, керей ұлыстары (Х-ХІІІ ғғ.). Найман, керей тайпалық одақтары жөніндегі деректер. «Моңғолдардың құпия шежіресі». Қытай дерегі – «Юань-Ши». Рашид ад-Диннің «Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі моңғол халықтарының жазба түрінде және жадта сақталған тарих айту дәстүрлерінің көрінісі. Найман, керейлердің бастапқы орналасқан жері, олардың тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе.Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. Найман тайпалық одағының қалаптасуы.Найман, керейлердің тұрмысы, шаруашылығы, ертефеодалдық мемлекеттік құрылымы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Саяси тарихы. Шыңғыс хан бастаған моғол мемлекетінің құрылуы және бұл жағдайдың найман, керейлердің тағдырына ықпалы.Наймандар – VIIІ ғасырдағы жазба деректерде сегіз тайпа бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралағында өмір сүрген. Монғолияда «найман» сөзі «сегіз тайпа» дегенді білдіреді. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Найман мемлекеті құрылды. Орталығы-Балықты қаласы. Тайпалардың басқару жүйесі – хандық билік. Керейлер тарихындағы елеулі мəселе — ол Қазақ халқы құрамындағы Керейлер мен Керейттердің арақатынасына байланысты əр түрлі көзқарастардың орын алулары дер едік. Сонымен қатар оларды екі бөлек тайпа ретінде қарастыратын ғалымдар да бар екендігін айта кеткен жөн. Жалайырлар-монғол шежірелеріндегі жалайыр тайпасының монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендерінің бойында және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүретіндігі айтылады. Жалайыр тайпасы 10 бөліктен тұрды. 1201 жылы Жамұқа Аргун өзенінің бойында құрылтайға шақырып, өзін «гурхан» жариялап, таққа отырған. Бұл жағдайды естіген Шынғыс хан кереіттер ханы Торымен одақ құрып, Жамұқаны жеңіп, жалайырларды қол астына қаратқан. Мұқылай – ақылды, шешен, батыр. Шынғыс ханның жарайыр тайпасының ішіндігі ең жақын адамы. Хан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін «күй үн чінсан тәйжі» деген атақ беріп, сол қанатының түменің басқартқан*
2. «Тілдер туралы Заң» қашан қабылданды? * 1997 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданды*