15. Рубрика. Критерий. Дескриптор ұғымдарына сипаттама беріңіз. Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты
қадамдарды көрсететін сипаттама.Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.
Рубрикатор – жетістіктерді көрсете отырып бағалау критерийлері мазмұнын сипаттау.
16. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды түсіндіріңіз. Топтау әдістерінің тиімділігі төмендегідей:
Оқушылардың бір-біріне жолдастық, достық қарым қатынастары дамиды
Бір-біріне бар ынта-жігерлерімен көмектесуге, үйретуге бейім болады
Топтық жарыстар кезінде ұйымдастырудың жөн жобаларын біледі, оны қолдана алды.
Бір сабақтың үстінде берілген материалдарды, бір біріне көмектесе отырып толық меңгереді. Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылық алып келеді.Топ мүшелері мен мұғалімнің арасында, топ мүшелері арасында сенімділік байланыстың орнығуына көмектеседі. Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады.Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі: оқушы белсенділігін арттыру үшін оқу үрдісін сауатты ұйымдастыру болып табылды. Сол оқудың тиімді тәсілдерінің бірі топтық жұмыс.Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар.
Бірыңғай топтық жұмыс.
Сараланған топтық жұмыс.Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.