51. Оқу бағдарламасын жаңартудың алғышарттарын анықтаңыз. Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен тәжірибені қамтиды.
ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі.
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.
ОҚУ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫ
Оқу және жаңашылдық дағдылары күн сайын күрделеніп жатқан ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге дайын оқушыны осыған дайын емес оқушыдан айыруға көмектесетін дағды ретінде мойындалып отыр. Шығармашылықпен ойлау
• Идея тудыру әдістерін кеңінен пайдалану (мысалы, миға шабуыл)
• Жаңа және құнды идея ұсыну
Қарым-қатынас және ынтымақтастық
• Әртүрлі формада және жағдайда ойлары мен пікірлерін ауызша, жазбаша және вербалды емес тәсілмен тиімді түрде білдіру
• Білім, құндылықтар, көзқарас пен ниетті қоса алғанда мағынаны ұғыну үшін тиімді түрде тыңдау.
Сын тұрғысынан ойлау және проблема шешу
• Жағдайға байланысты түрлі ой тұжырымдау (пайым жасау) (индуктивті, дедуктивті т.б.)
• Күнделі жүйенің жалпы нәтижесін шығару үшін бүтіннің қандай бөлшектеріне бір-бірімен ықпалдасқанын талдау
Қорытынды жасау және шешім қабылдау
52–60. Оқу үдерісіндегі Кейс-Стади әдісін бағалаңыз. «Кейс-стади» (ағыл. Case-study ‒ «уақиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп атауға болады. Ол оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және жетілдіреді. Яғни екі тараптан да ойлау мен шығармашылық қабілеттері еркін ашылады.
Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге де негіз бар. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша түрде берілуін айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары және т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетеді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде оқытушы кейсті (жағдайды) таңдайды. Соған қажетті сұрақтар әзірлейді. Бұл іс шығармашылық жұмыс болып табылады. Таңдалған жағдаят дәріс тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыдан кейс мазмұнының мақсаты мен оған қол жеткізудің міндеттері анықталады.
Екінші кезеңді оқытушы дәрісханада жүзеге асырады. Бұл кезеңнің өзі кейске кіріспе; жағдайдың шағын топтарда талдануы; пікірталас және қортынды шығару. Кез-келген пән мазмұнын талдау барысында қаралатын мазмұнның қисындылығы ғана емес, оның психолгиялық ерекшеліктеріне де қараудың маңызы өте зор.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кейіс әдісін дүниежүзі бойынша, соның ішінде КСРО-да да қолдана бастады. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Сол кезеңнен бастап бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г.А. Брянский, Ю.Ю. Екатеринославский, О.В. Козлова, Ю.Д. Красовский, В.Я. Платов, Д.А. Поспелов, О.А. Овсянников және т.б. үлкен үлес қосты.