54. «В.П.Беспалько тəжірибелерін ендіру» тақырыптарын бағалаңыз. В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді.
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту үдерісінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуалды даму» аймағынан «жақын даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-əрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-əрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – «алгоритмдік», үшінші – «эвристикалық», төртінші- «шығармашылық». Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері оның шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді.
55. Оқыту нəтижелерін бағалаудың қазіргі уақыттағы құралдары қызметіне баға беріңіз. Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Л.Н.Толстой былай дейді: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, олардың көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі, қайта өзімнің сабақ оқытуымдағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті». Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны және оқушы білімін дұрыс тексеру жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.Қазіргі заман талапбына сай қалыптастырушы және жиынтық бағалауды дұрыс жүргізе алуы қажет.
Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру процесінің жетістігі себептері бойынша бақылау диагностикалық байланысты жүзеге асырады.
Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек.
Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру процесі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор. Бағалау жүйесінің бірнеше қызметін бөліп көрсетуге болады:
Нормативтік қызмет бекітілген мемлекеттік стандартқа қатысты білім алушылардың жетістігін тіркейді және жекелеген оқушылардың үлгерімін, мектеп сыныптарының, олардың дайындық деңгейі мен мұғалім жұмысының сапасын қадағалайды. Ақпараттық-диагностикалық қызмет білім алушылардың мазмұнды және эмоциялық рефлексиясын, соның ішінде ерекше қажеттіліктерін, барлық білім беру процесі қатысушыларының арасындағы мазмұнды байланысты қамтамасыз етеді. Бағалау жүйесі білім беру процесінде нақты сыныпта, нақты бала үшін барлығы дұрыс екендігін көруге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі сол немесе басқа да материалдың қаншалықты жетістікпен игерілетіндігін, білім алушыларда сол немесе басқа да практикалық дағдының қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік білім алушылардың жеткен деңгейін салыстыруда бақылау өлшемдері белгілі бір минимумымен, оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптармен әрбір білім алушылар үшін маңызды.