1. Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина. Биохимия



бет13/27
Дата01.05.2023
өлшемі1,99 Mb.
#88722
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Айдана бх рк1

Митохондрия –клетканың пішіні эллипске ұқсас,ұзындығы1,5-2 мкм болатын органелла.Сыртқы және ішкі 2 мембранасы болады.Митохондрияны қоршап тұрған сыртқы мембрана тегіс жылтыр,ішкі мембрананың көптеген терең қатпаралары бар.Ол-крист деп аталады.Кристің айналасы митохондриялық сұйықтыққа толып тұрады ол- матрикс деп аталады.Митохондия-«Қуат беруші станция».
Электрондардың тотығушы субстраттардан оттекке жеткізілуі бірнеше кезеңде өтеді.Бұл кезеңдерде әр қайсысы өзіне дейінгі компоненттен электронды қосып алып, келесі компонентке жеткізуші көптеген аралық тасымалдаушылар қатысады.Осылай,тотығу-тотықсыздану тізбегі құралады,нәтижесінде О2 тотықсыздануы жүріп Н2О синтезделеді.
32. Субстраттар дегидрленуі мен сутек тотығуы жасушаның энергия көзі ретінде.
Субстраттардың дегидратациясы мен сутегінің тотығуы клеткадагы энергияның қайнар көзі. Көмірсулар, липидтер жэне аминқышқылдарының катаболизмі кезінде бос энергияның бөлінуі тірі ағзаларда аэробты жэне анаэробты жағдайларда жүреді. Энергетикалык жағынан катаболизмнің аэробты жолы тиімді болып табылады, ол міндетті түрде тканьдердің оттегіні сіңіруі мен көмірқышқыл газын шығару арқылы жүреді, яғни тканьдік тыныс алу немесе ішкі, клеткалық тыныс алу қүбылысы арқылы. Тканьдік тыныс алуды қоршаған ортадан оттегіні сіңіру мен С02 сыртқы ортаға шығару процестерімен шатыстыруға бол-майды. Жалпы алғанда бүл екі процесс сыртқы тыныс алу немесе газ алмасу деп аталады.Көптеген зерттеулер көрсеткендей,биожүйелерде,бос,энергияның,шығарылуымен,жүретін,органикалық,қосылыстардың,катаболизмінің реакциялары өзінің негізі бойынша тотыгу-тотықсыздану реакциялары болып табылады жэне оксидоредуктазалар класының ферменттерімен катализденеді.Осыған байланысты бұ механизм - биологиялық тотыгу деген атка ие болды.Зерттеулер көрсеткендей, әртүрлі энергетикалық субстраттардың биологиялық тотығуының негізінде мынандай үш түрлі реакциялар жатады:1)электрондардың тасымалдануы;2)сутегі атомының (протондар мен электрондардың) тасымалдануы.3)оттегі атомының тасымалдануы
Тірі жүйелерде энергияның трансформациясының механизмін жылудың пайда болуының мысалында 1977 ж. Лавуазье бірінші болып түсіндірмекші болған. Жанудың механизмін тірі жүйелердегі жылудың түзілуімен салыстыра отырып, ол клеткада энергияның шығарылу механизмінің негізінде көмірқышқыл газының түзілу реакциясы жа-тыр, бүл органикалық қосылыстардың көміртегі атомдарына оттегінің қосылуы есебінен жүреді деп есептеген. Биоэнергетиктердің 20 ғасырдың екінші жартысында жүргізген черттеулері Лавуазьенің бұл көзқарасының дұрыс емес екендігін көрсетті. Биологиялық тотығудың негізінде субстраттардың дегидрирленуі, протондар мен электрондардың оттегіне тасымалдануы сияқты кезекпен жүретін реакциялар жатады, ол судың түзілуі мен бос энергияның бөлінуіне әкеледі:
33. Дегидрогеназалар мен сутектің біріншілік акцепторлары – НАД және флавопротеидтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет