1. Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина. Биохимия



бет2/27
Дата01.05.2023
өлшемі1,99 Mb.
#88722
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Айдана бх рк1

Екіншілік құрылым:Нәруыздардың екіншілік құрылымы: пептидтік тізбектің бойындағы функционалды топтардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін, кеңістіктік құрылым. Пептидтік тізбектердің 2-ші реттік кұрылымы а-спираль және В-қатпарлы структура түрінде болуы мүмкін.Кеңістіктегі нәруыздарың а-спираль түрінде ширатылуы пептидтік тізбектің қаңқасындағы әрбір 4-ші амин қышқылының карбонил тобының оттегісімен амин тобының азоты арасында сутектік байланыс түзілуі нәтижесінде жүреді. B-Құрылым бір полипептидтік тізбектің түзу сызықтық аймақтарында иілген жерлеріндегі немесе әр түрлі полипептидтік тізбектер арасындағы пептидтік топтар атомдары арасындағы көптеген сутектік байланыстардың көмегімен калыптасады.В-Құрылым парақ қағазды «гармошка» сияқты қатпарлап бүктегендегі алынған-в қатпарлы кұрылым түзіледі. Әр түрлі полипептидтік тізбектердің пептидтік қаңқасындағы атомдар арасында түзілген сутектік байланыстар тізбек аралық байланыстар деп аталады, ал бір полипептидтік тізбектің түзусызықтық бөлімдерінің арасында түзілсе тізбек ішілік деп аталады.
Үшіншілік құрылым:Нәруыздардың үшінші реттік құрылымы-полипептидтік тізбектегі бірінен-бірі белгілі бір қашықтықта орналасатын радикалдардың арасындағы әрекеттесу нәтижесінде түзілетін үш өлшемдік кеңістік құрылым.
Төртіншілік құрылым:Кейбір нәруыздар екі немесе одан да көп полипептидтік тізбектерден тұрады. Үш өлшем бірліктік үшіншілік құрылымы бар полипептидтік тізбектер, осы үшіншілік құрылымды түзетін әлсіз байланыстардың (гидрофобты, ионды, сутектік т.б.) көмегімен бірігеді. Полипептидтік тізбектердің кеңістіктегі осылай орналасуретін «Нәруыздардың төртіншілік құрылымы» деп атайды. Төртіншілік құрылымды құрайтын жеке полипептидтік тізбектерді протомерлер немесе суббірліктер деп атайды.Ал, құрамында бірнеше протомерлер болатын нәруыздарды олигомерлі нәруыздар деп атайды.
3.Экзогенді лигандтардың ақуыз конформациясы мен функциялық белсенділігіне әсері.
Нәруыздардың белсенді орталығы – нәруыз молекуласының белгілі бір бөлімі, негізінен онын «қалта» тәрізді ішкі бөлімінде орналасады, кеністікте үшіншілік құрылым қалыптасқан кезде, аминқышқылдарының белгілі бір тәртіппен шоғырлануы нәтижесінде түзіледі және лигандпен комплементарлы байланысуға қабілетті. Полипептидтік тізбекте,белсенді орталықты түзуші радикалдар, бірінен-бірі белгілі бір қашықтықта орналасуы мүмкін.Нәруыздар лигандпен жоғарыталғамдыәрекеттесуі,оның белсенді орталығы құрылысының лиганд құрылысына комплементарлығымен түсіндіруге болады.Комплементарлық-әрекеттесуші молекулалардың біріне-бірінің әрі кеңістіктік, әрі химиялық сәйкес келуі. Лиганд белсенді орталық конформациясына еніп онымен кеңістіктік сәйкес келуі қажет. Мұндай сәйкестік толық болмауы мүмкін, бірақ нәруыздар конформациялық өзгергіштігіне сәйкес, белсенді орталық аздаған өзгеріске ұшырап, лигандқа сәйкестене алады. Сонымен қатар, лигандтың функционалды топтары және белсенді орталықты құрайтын аминқышқылдары радикалдары арасында лигандты белсенді орталықта ұстап тұратын байланыстар түзіледі. Лиганд және нәруыздар белсенді орталығы арасындағы байланыс ковалентті немесе ковалентсіз (ионды, сутекті, гидрофобты) болуы мүмкін.

4.Ақуыздардың биологиялық қызметтері. Ақуыздардың биологиялық қызметтерінің олардың


Ақуыздар жасушада маңызды қызметтер атқарады:
- Құрылымдық - биомембраналар құрамына кіреді;
- Энергетикалық - қуат көзі болып табылады;
- Катализдеуші - жасушаның барлық биохимиялық реакцияларын реттейтін ферменттер болып табылады;
- Сигналдық - жасушаішілік және жасушааралық сигналдарды қабылдауға және өткізуге қатысады;
- Қозғаушы - бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді;
- Өткізгіштік - арналар мен сорғыштарды қалыптастырып, мембрана арқылы заттардың өткізілуін қамтамасыз етеді:
- Реттеуші - репликация, транскрипция, трансляция факторлары ретінде ДНҚ учаскелерімен байланысып, гендердің экспрессиялануын реттейді;
5. Ақуыздар қызметтерінің көптүрлілігі (құрылымдық, рецепторлық, транспорттық және т.б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет