1. Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина. Биохимия


Химиялық кұрылысы және физико-химиялық қасиеттері бойынша дәрумендер 2 топқа бөлінеді



бет11/27
Дата01.05.2023
өлшемі1,99 Mb.
#88722
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Химиялық кұрылысы және физико-химиялық қасиеттері бойынша дәрумендер 2 топқа бөлінеді.
Суда еритін дәрумендер: В1 дәрумені (тиамин); В2 (рибофлавин); PР (никотин қышқылы, никотинамид, В3); пантотен қышқылы (В5); В6 (пиридоксин); биотин (Н дәрумені); фолий кышқылы (В9); В12 (кобаламин);С (аскорбин қышқылы); Р дәрумені (биофлавонойдтар).
Майда еритін дәрумендер: А(ретинол); Д (холекальциферол); Е (токоферол); К дәрумені (филлохинон).
Суда еритін дәрумендер, организмге кажет мөлшерден артық түссе де, суда жақсы еритін болғандықтан, тез организмнен шығарылып отырады. Майда еритін дәрумендер, майда жақсы ериді, тамақпен түскен артық мөлшері, организмде оңай жиналып қалады. Олардың организмде көп жиналуы, зат алмасу процесі қалыпты жағдайдан ауытқып, гипердәруменоз дамиды, кейде өлім қаупі туады.
20. Майда еритін витаминдердің құрылысы және биологиялық ролі: А, Д, Е, К, F

Аталуы

Тәуліктік көзі

Биологиялық қызметтері

Авитаминоз

Агиповитаминоз

Агипервитаминоз

А-ретинол
Циклді қанықпаған бір атомды спирт (ретинол, картиноидтар,

1-2,5 мг
(ірі қара мал және шошқа бауырында, жұмыртқа сары уызында, сүт өнімдерде, балық майында, сәбіз, томат, бұрыш, салат)

Ретинол ретиналь, ретиной қышқылына айналады.Олар жасуша өсуіне,көру процесіне қатысады, эптилелий клеткаларының түзілуін реттейді.

Сүйек өсуі тоқтайды, АҚЖ, зәр-жыныс жүйелері, тыныс алу жолдарының эпителийі зақымдалады. ОЖЖ зақымдалады.

Ақшам соқыр, көздің мүйізді қабатының құрғауы-ксерофтальмия

Көздің қабынуы,шаш түсуі, организм жүдеуі, тәбет жойылуы, ұйқы қашу.

D-кальциферолдар

12-25 мкг
(саңырауқұлақтардағ ашытқыда, өсімдік майында, сары майда,балық майында, жұмыртқа сары уызыында)

Кальцитриол гормондық ұызмет атқарады. Организмдегі кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысады.

рахит

Рахит, кальций мен фосфор алмасуы бұзылады, остеопороз дамиды; сүйекте жиналған тұздардың қанға өтуі

Өкпе,бүйрек,жүрек, қан тамырлары қабырғаларында кальций тұздарының жиналуы, сүйек жиі сынатын остеопороз белгілері пайда болады.

E-токоферол
Көбею дәрумені

5 мг
(өсімдік майлары, салат, капуста, астық тұқымдастары, сары май, жқмыртқа сары уызында)

Антиоксидант, жасушада бос радикалды реакциялар қарқндылығын реттейді

Ұрықтандыру қабілеттен айыртады, бұлшық еттер әлсізденіп, қоректенуі бұзылады

Гемолиттік анемия дамиды

Жүрек айну, диарея, қан қысым жоғарлатады

K(нафтохинондар)

1-2 мг
(капуста,шпинат,жемістер,тамыр түйнектері

Қан ұюға қатысатын факторларды белсендіреді: протромбинді-2 фактор,проконвертинді-7 фактор, Кристмасс факторы-9, Стюарт факторы-10

Қан ұю жүйесін бұзады

Өттің ішекке құйылуы бұзылады




F-линол қышқылы, линолен қ, арахидон қ.

(балық майы, май, кепкен жемістер)

Биологиялық процестерді реттеуші, жүйке жүйесінің, қан айналу жүйесінің жұмысына, бұлшық еттердің жиырылуына қатысады.

Склероз байқалады, қан тамырлар қабырғасында қатпарлар пайда болады.

Дененің өсуі нашарлайды, тері қабаты зақымдалады, бүйрек қызметі бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсы төзімділік төмендейді




21. Гипо- және гипервитаминоздардың байқалуы және пайда болу себептері.
Азық-түлік және жем-шөп құрамында витаминдердің жетіспеуі немесе мүлде болмауы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Мысалы, мұндай жағдайда жас төлдің өсуі тоқтайды және ол әр түрлі ауруға ұшырауға бейім болады. Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса немесе организмнің
витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді.Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз жағдайы организмге қажет витамин мөлшерінің қалыптан төмендеп кетуінен болады. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.. Гиподәруменоздардың негізгі себептері:дәрумендердің тамакта жетімсіздігі;АҚЖ сіңірілуінің бұзылуы;дәрумендер өзгерісіне қатысатын ферменттердің біткен кемістігі;дәрумендердің кұрылымдық аналогтарының әсері (антидәрумендер). Кез-келген витаминді организмге қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бір жола көп мөлшерде қабылдау уландырады. Ондай жағдайда «гипервитаминоз» деуге болмайды.
22. Суда еритін витаминдер. Витаминдердің коферменттік қызметтері.
23. В1, В2,В5, В6,Вс, В12,РРвитаминдерінің құрылысы және биологиялық рөлі.
24. Н, С, Р витаминдерінің құрылысы және биологиялық рөлі.



Аталуы

Тәуліктік қажеттілік,көзі

Коферменттік түрі

Биологиялық қызметтері

Адәруменоз

Гиподәруменоз

Гипердәруменоз

В1-тиамин
(пиримидинді және тиазолды сақинадан)

2-3 мг
(астық дақылдары, күріш, бұршақ, фасоль, соя)

ТДФ

Декарбоксилденуі альфа-кето қышқылы, белсенді альдегид тобын тасымалдау(транскетолаза)

Полиневрит

Полиневрит, жүйке жүйесі өзгерісі, сал ауруы дамиды, жүрек ритмі бұзылады, тәбет жоғалады




В2-рибофлавин(рибитол спирт пен изоаллоксазин)

1,8-2,6 мг
(бауыр,бүйрек,жұмыртқа,сүт,ашытқы,шпинат,бидай,қарабидай)

FAD FMN

Тыныс алу ферменттерінде сутегі тасымалдау

Көз зақымдалуы(кератиттер,катаракт)

Жас организм өсуі тоқталады, ауыз қуысы шірінді қабаты қабынады,дерматит, конъюктивит,катаракт, бұлшықет әлсізденеді




В5-пантотен
(2,4-дигидроси-3,3-диметилмай қышқылы, бетта-аланин)

10-12 мг
(жұмыртқа,бауыр, ет,балық,сүт,ашытқы,картоп,сәбіз,бидай,алма)

KoA-SH

Ацил тобын тасымалдау

Дистрофиялық өзгерістер бүйрек үсті безі және нерв ұлпаларында

Дерматит,неврит,сал,шаш түсу




В6-пиридоксин
(пиридоксол,пиридоксаль,пиридоксамин)

2-3 мг
(жұмыртқа,бауыр,сүт,жасыл бұрыш,сәбіз,бидай,ашытқы)

ПФ-пиридоксаль фосфат

Амин қышқылдарының алмасуы(трансаминдеу,декарбоксилдену)

Жүйке жүйесінің жоғарғы қозуы дерматиттер

Полиневрит,дерматит




Вс-фолий қышқылы
(птеридин қалдығы,парааминобензой және глутамин қышқылы)

50-200 мкг
(ашытқы,бауыр,бүйрек,етте)

Тетрагидрофолий қышқылы

Бір көміртекті топтарды тасымалдау

Қан түзілуінің бұзылуы(анемия,лейкопениялар)

Анемия




В12-кобаламин
(кобальт бар жалғыз витамин)

1-2 мкг
(бауыр,бүйрек)

Дезоксиаденозил , метилкобаламин

Метил тобын тасымалдау

Макроцитарлы анемия

Қан түзілу бұзылады, гемоглобинконцентрация төмендейді,жүйке ұлпасы зақымдалады




РР-ниацин-никотин қышқылы, никотинамид,В3)

15-25
(күрішғбидай,ашытқыда,ірі қара мал мен шошқа бауыры,бүйрегінде)

NAD NADP

Сутегін тасымалдау акцепторы

Дерматит, деменция, диарея

Пеллагра ауруы,есте сақтау нашарлайды,галлюцинация




Н-биотин
(тиофен сақинасы, мочевина молекуласы+валериян қ)

10 мкг
(бауыр,бүйрек,сүт,жұмыртқа сары уыз)

Биотин

СО2 фиксациясы карбоксилденуі(мыс, пируват,ацетил КоА)

Тері асты бездерінің қызметі бұзылуынан туындайтын дерматиттер

Тері қабыршақтану, дерматит




С-аскорбин

50-75 мг
(жаңа піскен жеміс,көкөніс,алма,картоп,қызанақ,сүт,ет,лимон)

-

Пролиннің,лизиннің гидроксилденуі(коллаген синтезі)

Тіс түбінің қанауы, тіс босауы, тері асты қан құйылу,ісік

Қырқұлақ ауруы,анемия




Р-рутин
(флавон)

Белгісіз
(лимон,гречиха, қара қарақат, шәй жапырақтары,итмұрын)

-

С витаминімен тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады

Тіс түбі қанауы,қан құйылу

Қан аққыштық күшейеді,қанталау, әлсіздік,аяқ-қол ауруы




25. Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Зат алмасу процесі арқылы тірі организмдер мен қоршаған орта үздіксіз байланыста болады. Зат алмасу процесі 3 кезеңнен тұрады:организмге заттардың түсуі, метаболизм,организмнен соңғы өнімдердің шығарылуы. Организмге заттардыі түсуі тыныс алу және тамақтану нәтижесінде жүреді. Ас қорыту жолдарында тамақтық заттар қорытылады. Ас қорытылу барысында полимерлердің мономерлерге дейін гидролизі жүреді, олар қанға сіңіріліп, аралық алмасуға қатысады. Аралық алмасу 2 түрлі реакциялардан тұрад:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет