1. Биохимия пәні және міндеттері. Биохимия және медицина. Биохимия



бет4/27
Дата01.05.2023
өлшемі1,99 Mb.
#88722
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
М иммуноглобулиндері:жетілуші В лимфоциттерде синтезделетін,антиденелердің бірінші класы М иммуноглобулиндердің екі түрі бар:мономерлі және пентамерлі
G иммуноглобулиндері барлық иммуноглобулиндерің 75% алып жатады.
А иммуноглобулиндері:орагнизмде бездер сөлінде болатын антиденелердің негізгі классы.Қан сары суындағы иммуноглобулиндердің 10-15% құрайды.
7.Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы
Фермент жіктелуі:6 класы бар:
Оксиредуктазалар-2 субстраттың қатысуымен тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді (енемесе сутек атомдарын бір субстраттан екінші субстратка тасымалдайды).Ферменттердің жүйелі аталуы «донор: акцептор-оксидоредуктаза», жұмысшы аталуы - субстрат-подкласс оксидоредуктаза формуласы бойынша құрастырылады.
Дегидрогеназалар-Бұл подкласс құрамына дегидрлеу реакциясын (сутегін бөлу) катализдейтін ферменттер жатады. Электрондар акцепторы ролін NAD+, NADP+, FAD, FMN сияқты коферменттер атқарады. Бұл топтағы барлық ферменттердің субстраттық талғамдылығы өте жоғары.

Оксигеназалар (гидроксилазалар) - оттек молекуласындағы оттегі атомы субстратпен байланысады.
Оксидазалар-электрон акцепторы рөлін молекулалық оттек атқарады.
Трансферазалар- функционалды топтарды бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдану реакцияларын катализ-дейді. Тасымалданатын топтар түріне сәйкес бірнеше топтарға бөлінеді. Бұл ферменттердің аталуы «донор: акцептор тасымалданушы топ-трансфераза» формуласы бойынша анықталады. Трансфераза класына аминотрансферазалар, ацилтрансферазалар, метилтрансферазалар, гликозилтрансферазалар, киназалар
Гидролазалар-гидролиздену реакцияларын катализдейді.
Лиазалар- лиазалар классына субстраттан CO,, H,O, NH,SH, т.б. топтарды судың қатысуынсыз ыдырату арқылы немесе сумолекуласының кос байланыспен қосылу реакцияларын жүргізетін ферменттер тобы жатады.
Изомеразалар- молекула ішілік өзгерістерді катализдейді. Изомерлену реакциялары типтері бойынша топтарға АТФ молекуласы бөлінеді. Ферменттердің жалпы изомераза деп аталуы сияқты бұл топтарға жататын ферменттерге «изомераза» термині қолданылады,Изомеразалар молекула ішілік тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейді, нәтижесінде альдоздардың кетоздарға айналуы, кетонды топтардың енолды топтарға айналуы, молекула ішінде қос байланыстардың орнын өзгертуі сияқты өзгерістер жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет