Байланысты: 1. Биологиялы ж не экологиялы процестер мен ж йелерді талдауды
13. Цифрлік білім бері ресурстары: талаптары мен мүмкіндіктері Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. [3] Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Цифрлық білім ресурстарға қойылатынжалпы педагогикалық талаптар: Ғылымилық қағида бойынша: – оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы; – пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі; – оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс. Түсініктілік қағидасы – оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну. – оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы. Көрнекілік қағидасы бойынша: – Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру; – Оқу материалын барынша көрінерлік ету. Жүйелілік қағидасы бойынша: ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік. Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша: – пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы. – оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру. – оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру. – шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру. Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша: – Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы. – ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.