1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері


Көркем шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстар



бет6/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Әдебиет жауаптар

Көркем шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстар.
«Көркем шығарма — әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз ҚажымЖұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы;
Оның ұлттық қазына екендігі;
Мәтіндердің сәйкестігі мен сабақтастығы;
Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту;
Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру;
Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту;
Мазмұндама жұмысын жүргізу әдістемесі.
Бастауыш сыныпта мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын мәтін бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жақыннан алысқа көшу принципі бойынша жүргізіледі. Сондықтан бұл мазмұндама бастауыш сыныптарда былай жүргізіледі: Бұл әдіс 1-сыныпта көбірек қолданылады. Осы әдіспен сыныпта ұйымдастырылған мазмұндаманы мысалға келтірейік. Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманы жүргізу де дайын әңгіме бойынша өткізілетін мазмұндамаға соқпай кетпейді. Өйткені мұнда да мәтінді мұғалім алдын-ала дайындайды. Одан бір айырмашылығы-мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жазу оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсінуге, суретте бейнелеген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет