1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері



бет9/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Әдебиет жауаптар

Мысалдарды оқыту әдістемесі.
Мысал өлеңдерді ең алғаш орыс әдебиетінен аударған Ы.Алтынсарин. Ағартушы-педагог И.Крыловтың 3-4 мысал өлеңін қазақшаға тәржімалаған. Ыбырай сол кезеңде оқуға керекті материалдарды өзі іздеп табуға немесе өзі жазуға мәжбүр болды. Қажеттілік оны соған сүйреді. Баланың сауатын ашып, хат танытудың бірінші құралы, бірінші басқышы ана тілі мен балалар әдебиеті болғандықтан Ыбырай орыс әдебиетінен ізденді.
Мысал жанрының ерекшеліктерін бастауыш мектеп оқушыларына терең таныту – шығармаға эстетикалық талдау жасауға байланысты. Мұнсыз бастауыш мектепте әдебиеттік оқу пәнінен оқушыларға терең де сапалы білім беру мүмкін емес. Оқушылардың әдеби білімі көркем шығарманы оқи және оған талдау жасай білуінен айқын байқалады. Көркем шығарманы талдай білген оқушы – әдебиетіміздің болашақ мәдени оқырманы. Ондай іскерліктер мен шеберліктер қалыптасқан оқушы әдеби шығармаларға ой жүгірте алады, өзінің талғамын, түйсік-сезімін еркін білдіреді, шығарманы жан жүрегімен, зердесімен қабылдайды. Міне, сондықтан да шығармаға эстетикалық талдау жасау – басты проблема.
Мысал ¬– аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. астармен, меңзеумен беріледі. Көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемек, мысқыл да осы мысал жанрында.Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру технологиясы.
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудағы басты да өзекті үрдіс – сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланысты, яғни соның жалғасы сияқты болуы керек. Бұл байланыстылықты өзара жұмдастыра жүргізу мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, қабілетіне қарай әр түрлі дәрежеде жүргізіледі. Осыдан барып әр мұғалім сыныбы арқылы дәрежелі білім деңгейін меңгеретіндігі шығады. Қашанда ізденгіш, балаларды жанымен жақсы көретін, өзінің ұстаздық парызына адал оқытушылардың шәкірттері ұқыпты да тәртіпті, білімді болады. Дәл осы арада сыныптан тыс жұмысты тек қана былай жүргізу, олай жүргізбе деп айтудың, нұсқау берудің қажеті жоқ. Себебі, жоғарында айтқандай әр мұғалімнің ұяты мен шеберлігі біледі. Дегенмен сыныптан тыс оқылатын кітаптың жоспарлы оқу материалдарына сәйкестенуін, соны кеңейте түсуін ескерген жөн. Мысалы, табиғатқа ондаған жан-жануарларға байланысты сабақ өтілгенде сыныптан тыс оқу үшін А.Сейдімбектегінің «Тауға біткен жалбыз» кітабынан бірнеше үзінділер ұсынуға болады. Атап айтқанда «Айқас» әңгімесіндегі жыландар мен құрбақалардың жан беріп, жан алысқан айқасын оқуға ұсынса бала дүниетанымының кеңі түсінетіні даусыз. Осы арада айта кететін бір нәрсе «ойбай ол ересектерге арналған шығарма ғой, бала түсінігіне ауыр болады» деген жаттанды қағидадан аулақ болу керек. Себебі, психолог-лингвист ғалымдар дәлелдегендей мектеп жасына келген бала тілдің бүкіл фаналогиялық жүйесін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет