1 блок «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсат-міндеттері



бет5/14
Дата19.12.2023
өлшемі51,74 Kb.
#141023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Өлең оқытудың ерекшеліктері.
Өлең– қоғамдық тұрмысты ең шоғырлы түрде бейнелеп беретін, терең идеялық мазмұнға, күшті де нақты сезімге, аса бай бейнелеу қуатына, жанды да бейнелі тілге, белгілі ұйқас пен ырғаққа ие ең ықшам әдеби форма.
Оның басты ерекшеліктері мыналар:
— Өлеңде шындық өмір мен адамдардың көңіл-күй сезімі аса шоғырлы түрде жинақталып бейнеленеді.
— Өлең аса күшті сезімге және мол көркемдеу амалына сүйеніп, өмірді жинақы да бейнелі бейнелейді, әсіресе, сезім өлеңнің жаны ретінде есептеледі. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады.
— Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда тіпті де күшті болады.
— Өлеңнің мазмұны шындық өмірдің өскелең дәрежедегі ықшам көрінісі болғандықтан, оның тілі ықшам, дәл, анық, бейнелеу қуаты күшті, өлеңдік бояуы қанық, алуан түрлі болуы талап етіледі.
Өлеңнің тілі ырғақты, лепті және әуенді болуы талап етіледі. Өлең талабының әуендігі дегенде, біріншіден, өлеңдегі ырғақ ескерілсе, екіншіден, ондағы ұйқас, буын сияқтылар ескерілуі тиіс.
Демек, қазақ өлеңінің құрылысын құрайтын негізгі фактор мыналар: шумақ, тармақ, буын, ырғақ, ұйқас.
Бастауыш мектеп оқулығына кіріктірілген мәтіндердің ішінде өлең едәуір салмақты орын алады.
Ғылыми мақалаларды оқыту әдістемесі.
Ғылыми мақалалар бір құбылыстың ерекше белгілерін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның басқа құбылыстармен, фактілермен байланысын көрсетеді, оны пайдалануға үйретеді. Сондықтан ғылыми мақалалардың мазмұнын айтқанда логикалық тәсілдер пайдаланылады.
Ғылыми мақалалардың тіл ерекшелігі де болады: арнаулы терминология, сөзді дәл қолдану, сөйлемдердің синтаксистік құрылысының қатаң тәртіпте болуы. Алайда мұндай ерекшеліктерге қарап ғылыми мақалаларда балалар үшін бейнелі тіркестер мүлде кездеспейді екен деген ұғым тумасқа тиіс. Мысалы, «Аққулы көлде» (С.Сейфуллин), «Гүлдер көбелектер» (Ө. Тұрманжанов) т.с.с. мақалаларда лирикалық элементтер мен бейнелі тіркестер молынан ұшырасады. Сонда да болса, ғылми мақалаларға тән ерекше белгілер бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет