Мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу орысша выразительное чтение — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.[ 30.Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.
Педагогиканың үйретуі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен сабақтардың мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3) оқылған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың білімін, білігін, дағдысын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.
Мектеп практикасында сабақтың таза бір түрі сирек кездеседі. Әдебиеттік оқу сабағының қай-қайсысында болмасын қайталау, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстары, оқушылардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен немесе аралас сабақ деп аталады. Бастауыш сыныптарда сабақтың кең тараған түрі аралас сабақ.
Сабақтың әр бөлімі әр түрлі дәрежеде ұйымдастырылады. Мысалы, үй тапсырмасын мұғалім толық және ішінара тексеруі мүмкін.
Сирек болғанымен сабақ кейде түгелдей жаңа материалды түсіндіруге арналатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай сабақ жаңа материалды түсіндіру сабағы болады.
Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді. Материалды оқушылардың қаншалықты түсінгенін байқау үшін сыныпқа сұраулар қоюға болады. Үйте берілетін тапсырма да шығармашылық сипатта болу керек.
Оқушылардың білімін бекіту сабағында жаңа білім берілмейді, оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімін жетілдіру мен біліктерін, дағдысын қалыптастыра түсу мақсаты көзделеді. Сондықтан мұндай сабақтарда түрлі-түрлі жаттығулар жүргізіледі, арнаулы талдаулар жасалады, өткен материалдан нашар ұғынған жерлер пысықталады.
Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімін, білігін, дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі.
2. Жалпы орта мектептің бастауыш сатысында білім беру технологияларының бірнеше түрі қолданылады. Жаңа технологиялардың бірқатарын «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша шығармашыл мұғалімдер қолданып жүр.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемені қамтиды. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым оқу технологиясының талаптары нақты орындалады. Соңғы кездері «технология» терминінің оқу үдерісіне енуімен байланысты оны «әдістеме» (методика) терминінің синонимі ретінде түсінетіндер кездеседі. Білім беру технологиясы мен қазақ тілін оқыту әдістемесі арасында ұқсастық пен айырмашылық бар. Ұқсастығы – екеуі де педагогика ғылымының теорияға, іс-әрекетке, педагогикалық практикаға негізделген саласы. Айырмашылығы – қазақ тілі пәнінің әдістемесі мұны пән шеңберінде қарастырса, педагогикалық технологияның ауқымы кең. Білім беру технологиясы – «білім беру – оқыту» қатынасының барлық аймақтарында қолданылып, білім алушы тұлғаны жан-жақты қалыптастырудың жалпы заңдылықтарын жасайды.
2 блок
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар (кіріспе әңгіме дайындау, шығармаға жоспар құру).
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар (мұғалімнің әңгімесі, ұжымдық әңгіме).
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар (жазушының өмірбаны туралы мағлұмат, экскурсияда көргендерін пайдалану).
Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар (сұрақтар қою, сурет бойынша жұмыс).
Сөздік жұмысының түрлері.
Бағалау - оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл.
2- арналған «Әдебиеттік оқу» оқулықтарының мазмұнын талдау.
3-сыныпқа «Әдебиеттік оқу» оқулықтарының мазмұнын талдау.
4-«Әдебиеттік оқу» оқулықтарының мазмұнын талдау.
Оқу-әдістемелік топтаманы сабақтың түрлерінде тиімді пайдалану жолдары.
Шапшаң оқу.
Бастауыш сыныптарда әдебиет теориясынан берілетін бастапқы түсініктер.
Сөздік жұмысын жүргізудегі әдіс-тәсілдер.
Көркем шығарманы оқу алдындағы кіріспе жұмыстар.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудағы негізгі әдіс-тәсілдер.
Мәтіннің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Мәнерлеп оқу.
Мысалдарды оқыту әдістемесі.
Шығармаға жоспар жасау.
Байланыстырып сөйлеу әдістемесі.
Мазмұндама және шығарма жұмыстары.
Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары.
Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру.
Шығармаларды сахналау.
Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру.
Оқылған шығарманың мазмұнын айту.
Әр сынып бойыншаоқу дағдысына қойылатын талаптар.
Мәтінді рөлге бөліп оқу.
Экскурсия бойынша шығарма жұмыстары.
Сыныптан тыс оқу – сыныптағы оқудың жалғасы.