«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқу-әдістемелік топтама. Жұмбақтарды оқыту әдістемесі. «Жұмбақтарды не үшін ойлап тапқан»-деп біз жиі ойланамыз. Жұмбақтардың шешуін табу үлкендер мен балалар үшін ермек пен жағымды уақыт өткізу болып табылады. Бірақ шынайы келгенде ол бұлай емес. Жұмбақ- ертегілермен, тақпақ пен жаттамақтармен бірге қолданатын өзiндiк көркем өнер шығарма.
Халықтық шығармалар ішінде балалар фальклорынан үлкен орын алатыны-жұмбақтар. Жұмбақтар және оның шешімін айту баланың ақыл-иесін дамытады, ойын шынықтыра түседі. Ойлауға, ойлаған ісінің үдесіне шығаруға жаттықтырады. Жұмбақтардың шешімін табу баланың зейінін, ықыласын арттырады. әр нәрсенің себебін іздестіріп табуға үйретеді. Жұмбақтар құпиясы баланы қызықтырып, әсерлендіре түседі, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой санасының қызмет етуіне серпін береді.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жұмбақтың шығу тарихы өте ертеде болғанымен бізге жеткені 19 ғасырдың екінші жартысында ел арасынан жинап алғандар Ш.Уәлиханов пен В.Радлов болғанын білеміз. М.Әуезов1940 –жылы «Жұмбақтар» жинағын жазып, білім берерлік,дүниетанымды дамытарлық қасиеті барын айтқан.
Қазіргі кезде сабақ барысындажұмбақты шешу оқушылардың ой-өрісі, логикалық ойлау қабілетін дамытатын –ұтымды әдіс. Әдебиеттен басқа пәндерде де жұмбақтар, жұмбақты тапсырмалар қолданса,оқушының ой-өрісін дамытып, тәрбие береріміз анық.Білімге деген ынтасын арттырып, сергіту жаттығу түрінде қолданса тиімді екенін байқаймыз.
Жұмбақтың тақырыбы, мазмұны әр алуан болғандықтан күнделікті сабақта қолданып, оқушыларға ой тастап, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз. Жұмбақ әрбір заттың атқаратын қызметіне, жаратылысына, ерекше қасиетіне қарай құрастыратындықтан астарлы,жасырын ойды анықтау үшін оқушылар логикалық байлам жасап,өз ойын айтады. Жалпы жұмбақта фантазиядан гөрі нақтылық, деректік басым болғандықтан, аз уақыт ішінде тез шешім қабылдап, жауабын табуға тиіс. Атап айтсақ, ой ұшқырлығын, ойлау жылдамдығын қажет етеді.М.Әуезов «Жұмбақ-адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деп, бекер айтпаған.