1. Дамуында ауытқулары бар тұлғаларға басты еуропалық қоғам мен мемлекеттердің қатынасының даму тарихы


Арнайы педагогиканың философиялық негіздері



бет3/36
Дата22.12.2023
өлшемі155,36 Kb.
#142805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
3. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
Арнайы педагогика — көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін ғылым.
Арнайы педагогиканың біртұтас теориясын құру үшін дамуында кемшілігі бар балалар туралы мәліметтердің механикалық бірлігі емес, арнайы педагогиканың ішкі бірлігін қолдауға бағытталған ғылыми мәліметтердің мағыналы жүйесі анықталады. Аталған маңызды міндеттерді шешуде арнайы педагогиканың мәселелерін шешуге түрткі болатын, арнайы педагогиканың пәндік салалары арасындағы интеграцияны қарастыратын философия ғылымы маңызды орын алады.
Философиялық рефлексия өз деңгейінде арнайы педагогиканың даму перспективасын, концептуалды мәселелерін шешуге бағытталған. Арнайы педагогикадағы философиялық зерттеулер арнайы педагогикалық әрекеттегі болжамдарды анықтау мен талдау, коррекциялық білім беру моделі мен идеяларының негізін құру, сыни тұрғыда талдау, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру жүйесінің даму перспективаларын анықтауды көздейді. Философия арнайы педагогика ғылымына қатысты біріншіден, педагогикалық құбылыстардың эволюциясының себебінің болуы, адам туралы жалпы түсініктердің жүйесін құрушы, құбылыстар мен түсініктердің әлеуметтік тұрмыстық табиғатын анықтаушы, дүниетанымдық фундамент ретінде қарастырылса, екіншіден, арнайы білім беру процесінің қағидаларын қолдану тәсілдерін зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін құбылыстарды әлеуметтік контексте қарастыратын әлеуметтік-философиялық аспект қажет. Себебі, арнаулы білім беру мазмұны ерекше әлеуметтік статусты анықтай отырып, оның дамуы өркениетті трансформациялармен түсіндіріледі. Ұзаққа созылған перспективалар нәтижесіндегі әлеуметтік көрсеткіштер мен педагогикалық қызмет түрлерінің сапасына тәуелді екендігін есімізге ұстау арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайын әлеуметтік қатынастар мен арнаулы білім берудің деңгейі турасында анықтаймыз.Әдіснамалық-философиялық негіздемелердің ерекшелігі мен арнайы педагогикадағы негізгі фактілер жалпы танымдық тәсілдермен, жағдайлармен байланыстылығы анықталған. Арнаулы білім беру жүйесіндегі түйінді мәселелердің қиындығы соншалықты, оны бір ғана білімнің құралдарымен
шешу мүмкін емес, сондықтан осы мәселелердің философиялық негізінде нақты ғылымдағы білім көзіне талдау жасауды, интерпретациялауды, интеграциялауды қамтамасыз ететін пәнаралық қатынастар маңызды сипат алады. Осы және басқа да ғылыми болжамдардың орындалуы арнайы педагогиканың теориялық-әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, осы төңіректегі зерттеулердің мазмұнын терендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет