1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту үдерісіндегі жаттығуларын сипаттамаларын



бет82/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

22. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту үдерісіндегі жаттығуларын сипаттамаларын
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде. ҚР-ң Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі, әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын дамыту– білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден қаланатыны белгілі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру,ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбиеісмін кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өзбетіндікжұмысты барлық пәндерарқылы да біліктерін қалыптастыруға болады.. Жалпы білім беру негізінен, үш мақсатты көздейді. Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өзбетінше ойлау әрекеттері жатады.
Екінші– оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке, өзбетімен қоғамдық пайдалы еңбекетуге даярлау.
Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысынд амыту және жетілдіруде мынадай шарттар бар:



  1. Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;

  2. Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен өзіндік мағынасының болуы;

  3. Оқушыларөзкөзқарастары мен сенімдерінпрактикалықіс-әрекеттер арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.

Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның “Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық мәселе–бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.


Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өзбетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындлалатын жұмыст үрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру. Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдарыВ.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған,-өзбетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала дамуындағы маңызын өзкезінде қозғағағндығын байқаймыз.
Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалым ыекндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып бастыны санасы болып табылатын өзбетіндік жұмыстың ролінк өребілгендігін көре аламыз.
Бастауыш сыныптарда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өзбетімен жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.
.
Өзбетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өзбетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;

  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)

  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).

Өзбетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындаудажақсы нәтижеге жету үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет