1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Қазіргі бастауыш мектептегі оқытудың сыныптық және сыныптан тыс формаларын талдау жасау



бет83/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

23.Қазіргі бастауыш мектептегі оқытудың сыныптық және сыныптан тыс формаларын талдау жасау
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мысалға мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

  1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

2.Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.
3.Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.
4.Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.
5.Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.
6.Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.
7.Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.
8.Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.
9.Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

  1. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).

  2. Өзіңнен сұра:

- Сен сабаққа дайынсың ба?
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.
Ал, Сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың кеңестік дидактика көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, үкімет, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.
Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:

  1. Сабақ туралы жалпы мәлімет:күні, топ, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.

  2. Сабақтың құрылымы мен түрі:бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.

  3. Оқыту тәсілдері мен әдістері:қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар мен ток пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі.

  4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.

  5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.

  6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне тоқталайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет