1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы



бет84/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Танымдық іс-әрекет.Сыныптан тыс танымдық іс-әрекет шеңбері оқушылар сабақта алған білімдерін кеңейтетін,қоршаған өмірге қызығуын дамытатын мәселелерді қозғайды.Танымдық іс-әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады.Ұжымдық сыныптан тыс танымдық іс-әрекетте балалар ұжымы мүшелерінің алдына жалпы танымдық міндеттер қойылады.Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының, қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді,түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады.Өз еркімен түрлі ұжымдық-танымдық іс-әрекеттерге қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке,өзара көмек қатынасына тартылады. Оқушылардың сыныптан тыс танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім балалардың түрлі жас кезеңдеріне байланысты топтарының танымдық қызығу ерекшеліктерін білуі керек.Бастауыш мектеп жасындағы балаларды қызықтырмайтын нәрсе жоқ. Бұл жастағы балалардың қызығуы шашыраңқы болады. Мысалы, 6-7 жасар балалардың қоятын сұрағы заттар және құбылыстармен алғашқы танысуға байланысты болса,8-10 жастағылардың сұрақтарынан деректерге, құбылыстарға, олардың мәнін тануға қызығуды көріуге болады. Бұған қосымша бұл жастағы балалар сұрағынан олардың санасына шешімі табылуға тиісті мәселе туындағанын көруге болады. Олар бұл мәселені өздігінен шеше алмауы мүмкін, сондықтан олар үлкендерге иек артады.
Еңбектік іс-әрекет .Мектептің бастауыш сыныптарының өзінде оқушылардың олардың түсінуіне мүмкін мамандықтармен таныстыру басталады. Олар түрлі материалдармен жұмыстың қарапайым тәсілдерін меңгереді, оқу-көрнекі құралдарын жөндейді, мектепке, балабақшаға,үйге қажетті түрлі бұйымдарды дайындайды.
Бастауыш мектеп ұстаздарының тәжірибесі бастауыш мектеп жасындағы оқушылар түрлі еңбектік іс-әрекетке қатынаса алатындығын көрсетеді. Оқушының істі орындауға даярлық дәрежесін ескеріп, мұғалім еңбектің түрін таңдап алады. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтан тыс жұмыстар түрленіп отырады.Оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды,гербарийлерді құрастырады, еңбек сабағы үшін табиғи материал жинастырады, т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет