1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұрасындағы сабақтың мазмұны мен құрылымы мәселелерін айту



бет86/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

24.Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұрасындағы сабақтың мазмұны мен құрылымы мәселелерін айту
Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағды-ларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.


25 Тестік бақылау дегеніміз не
«Тестілеу – оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың бір түрі»
«Тест» - ағылшын сөзі, сынақ, байқау деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні ағылын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданған.
Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тестік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тест – оқушылардың білімін және дағдыларын тексеретін құрал болып табылады.
«Педагогикалық тест» деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тестің артықшылығы оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тестің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.
Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.
Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.
Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  • Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;

  • Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;

Тестілеу - белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланатын психологиялық диагностика әдісі.
Тестілеу процесін 3 кезеңге бөлуге болады:
1. тестіні таңдау (тестілеудің мақсатымен және тестілеудің дұрыстығымен сенімділік дәрежесімен анықталады)
2. оны өткізу (тестіге берілген нұсқамен анықталады)
3. нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теориялық рауалылықтар жүйесімен анықталады)
Үш кезеңнің үшеуінде де білікті психологтың қатысуы қажет.
Тестілер – жеке тұлғалардың даралық психологиялық қасиеттерін, сондай – ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шаралармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар: психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.
Тестілеу – модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциясы анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептелінеді.
Тестілер төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1. қажетті жабдықтау және өткізу рәсімінің қарапайымдылығы
2. нәтиженің тікелей анықталуы
3. жеке және топтық жағдайда қолданылуы
4. математикалық өңдеуге қолайлылығы
5. қысқа мерзілімділігі
6. белгіленген стандарттың (норманың) болуы
7. ақиқаттылығы
Дегенмен дәстүрлі әдіспен салыстырғанда оқушылардың білім,білік, дағды деңгейін тест арқылы тексерудің өзіндік кеміліктері де бар:
1. Нысапсыз іріктеу арқылы жауапты кездейсоқ табудың басым мүмкіндігі
2. Әрекет нәтижесінің тек соңын тексеру
3. Мұғалімнің қиын жағдайда тап болуы, көбінесе оқушының логикалық ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндіктің болмауы.
Яғни, тестік бақылау жұмыстары оқушылардың білім сапасын тексеруде негізгі нысаны болып қала алмайды, керісінше ол оқушылардың білім, білік, дағдысын анықтауда басқа да бақылау әдістерімен және нысандарымен үйлесіп қолданылуы керек. Сөйтсе де тестік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т.б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналаытырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі.
7. Кәсіптік бағдар тесті: мазмұнына қандай да бір кәсіптің пәндік оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді.
8. Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, - т.б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тестік бақылау нормалары жайлы айтқанда:
Біріншіден – тестік сұрақтың 10 – 15 тен кем болмағаны дұрыс. Екіншіден – бағалауда субъективтіліктің өте – мөте аз болуы үшін мазмұнына сәйкес тестің тұрін дұрыс таңдай білу көп мәселе шешеді.
Үшіншіден – критериінде төмендегі қағиданы басшылыққа аламыз. Жалпы тестік бақылауда объективтіліктен гөрі субъективтіліктің басымдылығы ескертіліп, бағалау критериі соған сәйкестендіріледі. Яғни жалпы сұрақтың дұрыс жауабына қойылатын баға:
70% - ке дейінгі дұрыс жауапқа – 2
70% - 90% аралығындағы дұрыс жауапқа – 3
90% - 100% аралығындағы дұрыс жауапқа – 4
100% дұрыс жауапқа – 5
Тест әдісінің артықшылығы:
1. Тексерудің, бақылаудың объективтілігі
2. Тест арқылы бағалау нақты әрі дифференциялды сараланған, даралық сипатта
3. Дәстүрлік тексеру әдісінен тиімдірек
Біріншіден оқушылардың үлкен топтарымен жүргізуге болады.
Екіншіден уақыт үнемделеді, шектеулі
Тест жүргізу шектеулі
Тестің мәні – оның қабілеттерін айқындау, өлшеу, құралы болуында
Тестік бақылаудың тиімділігі:
Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені қолдану – ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып, әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет