1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқытуда жекелік тұрғыдан қарауды тиімді жүзеге асырудың шарттары туралы сипаттама



бет87/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

26. Оқытуда жекелік тұрғыдан қарауды тиімді жүзеге асырудың шарттары туралы сипаттама
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.


28 сұрақ Балалар ұжымы және оның тәрбиелік мүмкіндіктерін сипаттама
Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дұрыс па? Менің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол - отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала - ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар.
«Ұжым - ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады».
Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.
Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар - А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.
Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», - десе, Н. К. Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп мән берген.
Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар - «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан». Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы» (1937 ж.), «Мұнараның басындағы ту» (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.
Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі.
В. А.Сухомлинский де балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдіретті күші» (1965 ж.), «Павлыш орта мектебі» (1969 ж.), т.б. баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас - ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы ойлары жаңашыл ұстаздардың ойларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынастың нәтижесінен туады.
С.Т.Шацкий де оқушыларды қоғамға қажетті еңбекке жұмылдыру арқылы тәрбие берудің әдістемесін жасаған. Мұнда ортаның балаға әсері ескерілген. Ол баланың өз тәжірибесін өзіне жұмсауды қолдаған. С.Т. Шацкий алғаш рет Ресейде балалардың мектептен тыс оқу-тәрбие орындарын ашқызып, болашақ жастарды осы оқу-тәрбие орындары арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеген.
Л.И. Новикова балалар ұжымын тәрбие құралы деп есептейді. Мектептегі балалар ұжымының құрамы бірнеше бастауыш ұжымдардан тұрады. Олар: мектептегі сыныптар, ұзартылған күн, клубтар, секциялар, үйірмелер, еңбек бірлестіктері т.б. Бұл ұжымдар бір-бірімен тығыз байланыста. Жалпы мектеп үлкен ұжымнан тұрады: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар ұжымы. Бұлар да бір-бірімен тығыз қатынаста болып келеді.
Қазіргі кезде ұжымды, әсіресе үлкен ұжымды жоққа шығарып жүрміз. Колхоз, совхоз, өндіріс ұжымдары, партия, комсомол, пионер ұжымдары бүгінде жоқ. Сондықтан үлкен ұжымның тәрбиеде бұрынғыдай ықпалы жоқ болып көрінеді. Бірақ жеке адам ұжымсыз өмір сүре алмайды. Мысалы, Робинзон Крузо, Мауглиді, т.б. алып қараңыз. Керек болса жан-жануар да өз тобын іздейді. Сондықтан ұжым керек, оның тәрбиеге ыңпалы бар. Қоғам да үлкен ұжым. Ал қоғамның тәрбиеге ықпалы жоқ деп кім айта алады? Ұжымда жеке адам рухани байлық, дамуға қажетті ықпал алады, кемшіліктер ұжымда түзетіледі.
Ұжымның тәрбие құралы ретіндегі маңыздылығы әр түрлі аспектіге байланысты:
а) Экономикалық аспект (еңбек, экономикалық тәрбие).
б) Саяси аспект (мектептегі саяси-әлеуметтік істерге араласу, мектеп ұжымының өзін-өзі басқаруы).
в) Әлеуметтік аспект (баланың үй жағдайына қарасуы).
г) Адамгершілік аспект (өсиет арқылы тәрбие).
д) Қоғамдық-құнды аспект (рухани татулық).
е) Құқықтық аспект (заңды бұзбау, бағыну).
ж) Психологиялың аспект (психологиялың сиысу).
з) Ұйымдастырушылық аспект (ұйым тәрбие құралы).
и) Жеке басына байланысты аспект (кейде бала жеке қалып ойға кетеді. Бұл ұжымнан кеткендік емес).
к) Педагогикалық аспект (тәрбиелік ықпал, тәрбиелік қарым-қатынас, баланың басының, жас ерекшеліктерін ескеру, балалардың өзара қарым-қатынасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет