1-деңгей Бухгалтерлік есеп туралы айтып беріңіз Бухгалтерлік есеп



бет6/10
Дата19.12.2022
өлшемі102,67 Kb.
#58082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
бУ сессия

2-деңгей



  1. Бухгалтерлік есептің даму тарихы жайлы ақпарат беріңіз

Мүліктік 13 ғ диін
Интегралды 13-17 ғғ
Сентетикалық 17-19 ғғ
Методологиялық 19 ғ 1-ші жартысы
Коллациондық 19 ғ ортасы
Механикалық 19 ғ соңы
Операциялық 19 ғ соңы-20 ғ басы 
ХІІІ-ХУ ғасырларда Италияда, нарықтық экономиканың қалыптасқан жерінде, ұлы математик және қазіргі есептің қалаушысы Лука Пачоли (1445-1517) есептің маңызын ашып, дамытуға жол салды. Сондықтан есеп – шаруашылық әрекеттердің тілі, бизнестің тілі.
1493 жылы Лука Пачоли «Арифметика сомасы, геометрия, пропорция мен олардың қатынасы туралы оқу» деген кітабін Венецияда аяқтап, жарыққа шығарады. Осы кітаптің ХІ тарауында «Шоттар мен жазбалар туралы» бірінші рет қос бухгалтерия жөнінде жазылды. Бұл қазіргі кәсіпкерлік ұйымдардың экономикалық әрекеттерінің негізін ашты. Пачоли осы еңбегінде қос бухгалтерияның маңызды байланысы - екі нысанды көздеп көрсетті:
Біріншіден, жасалған іс туралы ақпарат алу, есепті дұрыс жүргізу үшін, міндеттемелер мен қарыздар туралы ақпараттарды кешіктірмей алу керек.
Екіншіден, қаржылық нәтижені анықтау «әрбір көпес өзінің күнгөрісін қамтамасыздандырып, пайда табуды көздейді», бұл жерде пайда көрсеткіш болып танылу емес, ол баға көтерілмеудің құрал ретінде танылу тиіс, әрине ол көпестерді үнемділікке тәрбиелейді және сатып алушыларды пайдалануын тоқтатады. Бұл жерде баға дұрыс болуы керек, өйткені ол көпестің күнгөрісін қамтамасыз етеді. Есептің осы екі бағыты шотпен екі жақты жазу арқылы жүзеге асырылады.
Пачолидің көз қарасымен мәліметтерді ақпараттау болса - баланста ол тізімделеді, қаржылық жағдайды нәтижелеу болса, ол - есептілік құжаты болып танылады, бұл саудагерлер кезеңі. Баланс ақпарат құжат ретінде танылуы ХІХ ғасырда қолданған
Осылай ХУ ғасырда Австрияда «бухгалтер» деген сөз пайда болды – «есеп кітаптарды үстаушы» бірінші адам іс жүргізуші (лауазымды тұлға) Христофор Штехер Инсбрукстік есеп палатасынан. Бірінші 1581ж. Венецияда бухгалтерлер ұйымы ашылған.
Ал, кәсіпкерлік кезеңіне (1800-1900ж.ж.) келсе, мұнда өндірістік бухгалтерия орын алып отыр, шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтауы.Бұдан әрі бухгалтерлік есеп әрі қарай дамып ұйымдастыру кезеңі келді (1900-1950ж.ж.)- есепті мемлекеттік стандартизациялау, ұлттық бухгалтерлік шот жоспарлардың пайда болуы: бухгалтерлік және басқарушылық есепке бөлінуі. Одан кейін бухгалтерлік есепті жақсарту кезеңі(1950-1975ж.ж.), жетіліп аяққа нық түрған есепте ЭЕМ және басқада әдістерді қолдану қолдану.Осы кезеңде кәсіби бухгалтерлік ұйымдар мен халықаралық үкімет ұйымдардың бірігуімен талдау жасалып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесін қалыптастыруы басталды. 1975ж. аяқталып халықаралық бухгалтерлік есеп жүйесі және есептілік пайда болды.
1986ж. 1 қантарда бастап бухгалтерлік есептің қағидалары жөнінде нормативті құжат еңгізілді. 26.12.1995 жылы №2732 «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заң күші бар бұйырық шықты.Одан кейін бухгалтерлік жүйесі дамыған сайын заңдарға өзгерістер жасалып келеді. 


  1. Есептік өлшеуіштерді атаңыз

1.Шаруашылык есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек жэне ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр,метр) түрлері, сұрыптары. мөлшері және т.с.с. шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер. сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты аныктауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, енбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын ) шаруашылық құралдарын. олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттін процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту ушін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырьш есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика аукымында да корытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.

2. Заттай (киллограмм,литр,метр,көлем)


Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен(күн,сағат,минуттар)
Ақшалай өлшеуіштер (теңге,тиын)



  1. Есеп түрлерін жіктеп беріңіз

Оперативті есеп - (жұмысқа шығу шықпау,автокөлік оның жүру есебі) мәліметті жинауда шапшандылықты талап етеді.
Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама- көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы құбылыстарды олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын есептейді.
Бухгалтерлік есеп - үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі. Салықтық есеп - бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзелетін мәліметтерді пайдаланады.



  1. Бухгалтерлік есеп объектілерін атаңыз

Қамтамасыз ету-транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым қатынастар бух есеп объктілері б т
Өндірістік -өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары оларға байланысты шығындар
Өткізу-сатуға арналған өндіріс өнімдері,орындалған жұмыс,көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімдер

  1. Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеңіз

Субьектінің құралдары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет