1-деңгей Бухгалтерлік есеп туралы айтып беріңіз Бухгалтерлік есеп



бет5/10
Дата19.12.2022
өлшемі102,67 Kb.
#58082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
бУ сессия

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді.Негізгі құралдардың екі түрі болады: өндірістік негізгі құралдар және өндірістік емес негізгі құралдар.Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі құралдар – өндірістік негізгі құралдар (оларға: ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары, т.б. жатады) деп, өндірістік емес бағыттағы негізгі құралдар – өндірістік емес негізгі құралдар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).



  1. Материалдық емес активтер туралы айтып беріңіз

Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ «материалдық емес құндылықпен» үлестірілген және осының күшімен субъектке, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны(гудвилл), «ноу-хау», өнер-кәсіп үлгілері және потенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады.



  1. Дебиторлық борыштар есеп туралы айтып беріңіз

Дебиторлық борыш субьектінің басқа субьектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір имерзім өткен соң қайтаруға жататынн құрамдары болып саналады. Ұзақ және қысқа мерзімді.

  1. Оперативтік есеп туралы айтып беріңіз

Оперативті есеп – кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет