1-деңгей Бухгалтерлік есеп туралы айтып беріңіз Бухгалтерлік есеп



бет3/10
Дата19.12.2022
өлшемі102,67 Kb.
#58082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
бУ сессия

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.
Қысқа мерзімді активтер — қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).



  1. Міндеттеме туралы айтып беріңіз

Міндеттеме термині дебиторлық және кредиторлық берешек, яғни алашақ пен берешек ұғымын біріктіреді. Дебиторлық берешек дегеніміз ұйымға басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың берешегі, яғни алашақ (мыс., сатып алушының сатып алынған өнім үшін, есеп беруші тұлғаның өзіне есеп беру кепілдігімен берілген ақшалай сома үшін берешегі). Кредиторлық берешек деп ұйымның басқа ұйымдарға, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегін айтады. Бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ұйым қаражаты көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі.



  1. Капитал өзгерісі туралы туралы айтып беріңіз




  1. Кірістер туралы айтып беріңіз

Кіріс – белгілі бір уақыт аралығында қандай да бір қызмет нәтижесінде мемлекет, жеке немесе заңды тұлға алатын ақша немесе материалдық құндылықтар
Мемлекеттік кірістер – мемлекетке салықтарды, алымдарды, төлемдерді, сыртқы сауда операцияларын, сыртқы қарыздарды, сыртқы көмектерді алу арқылы алынған және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға пайдаланылатын кірістер.
Ұйымның кірісі - қатысушылардың жарналарын қоспағанда, осы ұйымның капиталының ұлғаюына әкелетін активтерді (ақшалай қаражаттарды, өзге де мүлікті) алу және (немесе) міндеттемелерді өтеу нәтижесінде экономикалық пайданың ұлғаюы. (мүлік иелері. Ұйымның кәдімгі қызметінен түсетін табыс тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет