1-деңгей Органикалық синтезі пәнінің мазмұны мен мақсаты


Изобутилен изомерлерінің саны



бет29/72
Дата23.09.2023
өлшемі5,06 Mb.
#110001
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
12. Изобутилен изомерлерінің саны
У бутена 4 изомера:
СН2=СН-СН2-СН3 - бутен-1 (1-бутен, или просто бутен, альфа-бутен);
СН3-СН=СН-СН3 - цис-бутен-2 (цис-2-бутен);
СН3-СН=СН-СН3 - транс-бутен-2 (транс-2-бутен);
СН2=С(СН3)2 - изобутилен, изобутен (2-метилпропен).



14. Циклоалкандардың синтезі мен алынуы
Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады. Циклоалкандар — құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер.
Жалпы формуладағы n ≥ 3. Циклоалкандар — молекуладағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы жалғасқан алициклді көмірсутектер. Циклоалкандағы көміртек атомдары алкандардағы сияқты sp3 гибридтелген күйде болады.
Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы — олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10, циклогександар С6Н12, т.б.
Бес және алты мүшелі циклопарафиндер (циклопентан, циклогексан) және олардың гомологтары мұнайдың кейбір түрлерінің құрамында болады. Сондықтан оларды "нафтендер" деп те атайды. Циклоалкандарды мұнайдан бөліп алады, сонымен қатар синтездік жолмен де алады.
1. Құрамындағы галоген атомдары екі шеткі көміртек атомдарында орналасқан алкандардың дигалогентуындыларына мырышпен немесе натриймен әсер етіп алады. Төменгі циклоалкандарды, мысалы, дибромпропанға мырыш ұнтағымен әсер етіп алады.
С3Н6Вr2 + Zn → С2Н6 + ZnВr2
2. Циклоалкандар мен олардың туындыларын бензолды және оның сәйкес туындыларын катализатор қатысында гидрлеп алуға болады:
C6H6 + 3H2 → C6H12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет