2.Мөлшерлеу тәсілдері. Салмағы бойынша мөлшерлеу. Көлемі мен тамшылары бойынша мөлшерлеу. Дозалау дәлдігіне әсер етуші факторлар. Қандай-да бір дәрілік препараттарды әзірлеу мақсатында дәрілік препараттарды дайындап,оның ингредиенттерін мөлшерлеу керек. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсері,физикалық,физика-химиялық қасиеттерін ғана емес,мөлшерлеріне де байланысы бар. Дәріханалар лабораториясында мөлшерлеудің тәсілдері:салмағына қарай,
көлеміне қарай немесе тамшылау арқылы дозалау.
Салмағына қарай мөлшерлеу-жалпы,мөлшерлеу тәсілдерінің арасындағы көбірек пайдаланылатын әдіс болып табылады. Қатты немесе сұйық заттарды осы тәсіл бойынша өлшеуге болады. Салмағына қарай мөлшерлеу 2-ші класстық техникалы таразылардың тобына кіретін немесе эталон массаларымен салыстырған кезде салмақтарын көрсететін рычаг таразыларында жүргізіледі. Оларға дәріхана қол таразылары, тарирлі техникалық таразылар жатады.
Дәріханадағы қол таразылар- сусымалы материалдардың өлшенуіне арналып жасалған таразылары болып табылады.Жалпы айтқанда, дәріхана, бақылау-аналитикалы немесе зертханаларда ұнтақты дәрілік заттардың немесе қоспаларының мөлшерін өлшеуге жасалған таразылар. Олардың өлшемдері : ВСМ-1, ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100.
Тарирлі таразылар (ВКТ) және Мор таразы. Олар сусымалды заттарды өлшеудің таразыларынан басқада, салмағына қарай мөлшерлеу кезіндегі тарирлі техникалық таразылары көбіне қолданады және оның 89 маркалары бар. Мор таразысы 2-ші классты техникалық таразысы. Дәрілік препараттар әзірлеу уақытында құрғақ, қою немесе сұйық заттардың салмағына қарай мөлшерлеу үшін жіберілетін жүк 50г-нан 1кг арасында болатын тарирлі таразылар қолданылады.
Сұйықтық дәрілік препараттарды көлемі немесе тамшысы арқылы мөлшерлеу. Сұйық дәрілік препараттардың ингредиенттерінің өлшенуі үшін дәріхана бюреткалары, пипеткалары немесе тамызғыштары қолданылып,жасалады. Көлеміне қарай мөлшерлеу әдісінің ең басты артықшылығы – уақыт үнемделуі.
Дәріхана бюреткалары-концентрлі ерітінділер үшін жасалынған арнайы градуирленген шыны трубка болып табылады.