1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы



бет4/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1. Қолданылуына қарай жіктелуі:
а) Ішуге арналған ұнтақ – Pulver ad usum іnternum.
б) Сыртқа арналған ұнтақ – Pulver ad usum externum .
2. Құрамына қарай жіктелуі:
а) Қарапайым ұнтақ – Pulver sіmplіces.
б) Күрделі ұнтақ– Pulver composіtі .
3. Мөлшерленуіне қарай жіктелуі:
а) Дозаларға бөлінген ұнтақ – Pulver dіvіsі.
б) Дозаларға бөлінбеген ұнтақ – Pulver іndіvіsі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясында I-басылымында ұнтақтарға қойылатын арнайы талаптар жайлы айтылған.Яғни,ұнтақтар жасалынуы барысында қаралатын басты талаптар:ағымдылық,біркелкілік, жеке дозалар массасының рұқсат етілген ауытқулары,түсі, дәмі, иісі,орамы. Қорыта келсек, дәріхана рецептурасы талдау нәтижесінде көрсетілгендей ұнтақ түрінде табиғаттары әрқалай қою, сұйық дәрілік құралдары жазылып,қарастырылады.Ұнтақтарды дайындау үшін,жоғарыда айтылған талаптармен олардың жіктелуімен танысып,ұнтақтардың дайындалу технологиясына аса назар аудару қажет.
4.Тритурация.Тритурацияны қолдана отырып,улы дәрілік сығындылармен,қиын майдалайтын,иісті және бояғыш дәрілік заттармен дайындалатын ұнтақ ерекшеліктері. Күшті, улы, есірткі дәрілік заттармен рецептілерді жазу, босату, қабылдау, сақтау, қолдану және оларды тіркеу -ҚР ДСМ 01.11.1996 ж. № 481 «Улы, есірткі және күшті әсер ететін дәрілік құралдарды алу, сақтау, қолдану және есеп алу ретін жақсарту туралы»; - ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 «Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес жүргізіледі. Улы немесе күшті әсер беретін дәрілік заттың көлемі жалпы ұнтақ салмағына есептесе0,05гкемболса,ондаолтритурацияболады. Тритурация латынша ысқылау деген мағына береді.Улы немесе күшті әсер беретін заттың сүт қанты 1:10, 1:100 қатынасында дайындаған қоспа. 1:10 қатынасы – тритурация құрамына 1 г улы немесе күшті әсер беретін зат сонымен қатар 9 г сүт қанты кіреді, ал 1:100 – 1 г болатын болса онда улы және күшті әсер беретін зат және 99 г сүт қанты болады. Тиритурацияны қолдану дәрілік заттардың дәл дозалануын қамтамасыз етеді, себебі 0,05 г аз мөлшердегі затты жоғары дәлдікпен қол таразымен өлшеу мүмкін болмайды.Тритурациялар аз мөлшердегі дәрілік заттың ұнтақ массада біркелкі таралуын қамтиды. Тритурацияда толықтыру үшін жиі сүт қантын пайдаланады,ол гигроскопты емес, басқа заттармен салыстырғанда, химиялық және фармакологиялық индифферентті: иісі жоқ,дәмді, уытсыз болып табылады.Сүт қантының тығыздығы – 1,52 г/см3 Тритурацияларды фармацевт-технологтар күрделі ұнтақ ережесіне сүйеніп дайындайды. Егер улы заттардың тәуліктік дозасы мг-мен немесе мг-нан төмен көлемде берілсе, онда тритурация 1:100 қатынасында дайындайды;ал сантиграммен берілсе – тритурация 1:10 қатынасында дайындаймыз.Тритурацияны қатпарланбас үшін оны кіші штангласта сақталады және әр 15сайын келі де араластырып отырады Ұнтақтарды бояғыш заттармен дайындау. Бояу үшін: бриллиант жасылы, метилен көгі, калий перманганаты, фурацилин, этакридин лактаты, рибофлавин, индигокармин,жатады. Бояғыш заттар ыдыста,құралдарда із қалдырады. Бояғыш заттар аты жазылып тығыз жабылған шкафта сақтаймыз. Жұмыс жасаған кезде әр затқа жеке таразы, келі және келсап керек. Ұнтақтар арнайы бөлінген орында үшқабат тәсілімен дайындалады. Қиын ұнтақталатын заттармен ұнтақтар дайындау. Қиын ұнтақталатын заттарды этанол және эфирмен бөлек майдалайды. Бұл сұйықтықтар кристаллдардың микрожарықтарына жеңіл еніп, ажыратады және майдалануын жеңілдетеді. Сұйықтық буланған соң, майда дисперсті ұнтақ пайда болады. Қиын ұнтақталатын заттарға иісті және ұшқыш заттар:Ментол, йод, тимол, камфора , фенилсалицилат, салицил қышқылы, бор қышқылы, натрий тетрабораты, стрептоцид жатады. Соңғы үшеуін қосымша сұйықтықтарсыз да майдалауға болады, бірақ, ұнтақтау ұзақ және көп күш керек.Құрамында қиын майдаланатын заттары бар ұнтақтарды пергамент капсулада босатады. Қорытындылай келе: Тритурацияның қандай қатынасын алуды таңдаудан бұрын, улы және күшті әсер ететін заттардың барлық дозаға қажетті жалпы салмағын есептейміз және заң талаптарына сай орындаймыз.Тритурацияны қолданғанда дәл доазалануын қамтамасыз етеміз.Сондай ақ бояғыш заттармен жұмыс жасағанда арнайы ыдыстар қолданамыз.Қиын ұнтақтарды майдалағанда этанол мен эфир керек болады.Рецепт жазғанда бақылау паспортына Trіturatіonіs белгісімен жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет