1. Дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт, анықтамасы, маңызы, құрылымы



бет9/13
Дата13.04.2023
өлшемі48,61 Kb.
#82390
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1. Ä?ð³ë³ê ïðåïàðàòòàð ?íä³ð³ñ³í ìåìëåêåòò³ê íîðìàëàóäû? íåã³çã³

Спиртометрия- практикалық және химиялық мақсаттар үшін спирттік сұйықтықтардың әр түріндегі сусыз спирт мөлшерін анықтауға мүмкіндік беретін әдістер тобы, олардың негізгі компоненттері алкоголь мен су болып табылады. Этил спиртінің құрамын анықтауда Гидрометрлер мен қажетті шыны аппараттар 95% -дан кем емес спирт концентрациясы бар таза этил спиртімен мұқият жуылуы керек. Гидрометрге арналған шыны цилиндрді хром қоспасымен, жылы ауыз сумен жуып, тазартылған сумен, содан кейін су-спирт ерітіндісімен шаю керек. Гидрометрді өлшеуге дайындағаннан кейін оның жұмыс бөлігін ұстауға жол берілмейді. Қажет болса, ареометр шкаладан бос, таяқшаның жоғарғы ұшымен алынады. Өлшеуге дайындалған термометрлер мен араластырғыштар қақпақ сырғымен жабылған цилиндрде сақталады. Спирт концентрациясын өлшеу алдында сулы-спирт ерітіндісін араластырғышпен жақсылап араластырып, оны ерітіндіден шығармай, сулы-спирттік ерітінді бағанының бүкіл биіктігі бойынша кемінде бес рет жоғары және төмен шайқайды. Спирт концентрациясын анықтамас бұрын температураны өлшеу қажет. Сулы-спирт ерітіндісінің этил спиртінің технологиялық мақсаттар үшін спирт концентрациясын анықтау минус 25-тен 40 ° C дейінгі температура диапазонында жүргізілуі керек. Фармацевтік кәсіпорын мен дәріханадағы 95%-дық этил спиртін есепке алу салмақтық өлшеммен (г, кг) жүргізіледі. Дәріханаларда, фармацевтік кәсіпорыда, білім беретін және әлеуметті қамсыздандыру ұйымдарында этил спиртін есепке алу басшының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және аумақтық денсаулық сақтау органының печатымен АП-10 және 63-АП (18.04.2000 ж. № 224 бұйрық 4-ші бөлім), үлгісінде бекітіледі, нөмірленеді және жіппен тігілген кітапқа түсіру арқылы жүргізіледі. Қорытындылайтын болсақ есепке алу үшін спирт концентрациясын анықтау бөлме температурасында жүзеге асырылады екен. Және дәріханада этил спирті сапалық-сандық есепке алу салмақпен жүргізілетін болғандықтан, есептеулерде спирт мөлшерін бірден салмақтық бірлікке ауыстырады
11.Сусыз ерітінділер. Ұшқыш және ұшпайтын еріткіштердегі ерітінділер технологиясының ерекшеліктері Сусыз ерітінділер яғни бейсу ерітінді дегеніміз – ион мен молекулалардан тұратын гомогенді сұйық дәрілік препараттар. Бұл еріткіштерге спирттер, эфирлер, өсімдік майлары және т.б. жатады. Сусыз ерітінділер қолдануына және физикалық – химиялық қасиетіне байлысты ұшкыш және ұшпайтын ерітіндер болып бөлінеді. Ұшқыш ерітінділерге эфир, хлороформ, этанол (ҚР МФ II томына Этанол (96%) және Этанол сусыз мақалалары, КСРО МФ X басылымына «Spіrіtus aethylіcus 95%» және «Spіrіtus aethylіcus 90%, 70% et 40%» мақалалары енгізілген) және коллодий ерітінділері жатады. Бұл ерітінділердің жасалу технологиясының ерекшеліктері: ерітіндіні босатылған құтыға дайындайы; құты құрғаболуы керек себебі құйылған ерітінді басқа заттармен әрекеттесіп қасиеті төмендеуі мүмкін; алдымен құтыға ерітіндіні кейін еріткішті салады және воронканы пайдаланады; сусыз ертінділерді алу қажет жағдайда құрғақ матамен воронка арқылы сүзіп алады. Ұшпайтын ерітінділерге вазелин, өсімдік майлар, глицерин, димексид, глицерин – су, т.б. жатады. Жасалу технологиясының ерекшеліктерін айтатын болсақ еріткіштердің тұтқырлығы жоғары сол себепті диффузия баяу жүреді. Еруін тездету үшін еритін заттардың қасиеттерін ескеріп, қыздырады. Қажет болған жағдайда дәкенің көмегімен сүзеді. Және тағы бір ерекшелігі бұл ерітінділер салмақ бойынша әзірленеді. Қорытындылай келе: Сусыз ерітінділерді негізінен сыртқа қолдануға арналған және тері қабаттарын сүртуге, жууға, антисептикалық мақсаттағы бұйымдарда, мұрынға арналған тамшылар ретінде қолдануға болатынын білдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет